AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының жазғы терр...

Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының жазғы террасасы мен алаңын орналастыру тәртібі өзгерді

Алматы Бүгін 10:54 40
Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының жазғы террасасы мен алаңын орналастыру тәртібі өзгерді
Алматы әкімдігі

Жаңа тәртіп бойынша жазғы алаңдар көркейту нысандарының қатарына енгізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 2023 жылы ақпанда бекітілген Қоғамдық тамақтану нысандары жанынан жазғы алаңдар орнату қағидаларына өзгеріс енгізілді. Түзетулер кәсіпкерлер үшін келісу рәсімін жеңілдетуге, сондай-ақ қоғамдық орындардағы және көппәтерлі тұрғын үйлердің аумақтарында жазғы террасаларды, верандаларды және сыртқа қойылатын үстелдерді орналастыру талаптарын нақтылайды.

Жаңа тәртіп бойынша жазғы алаңдар көркейту нысандарының қатарына енгізілді. Оларды орналастыруды келісу үшін кәсіпкер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына өтініш беріп, онда алаңның мекенжайын, аумағын, өлшемі мен шекарасын көрсетуі керек.

Өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіп пен мерзімге сәйкес қаралады.

Жалпыға ортақ аумақтарда жазғы алаңдарды жер учаскесін жеке меншікке рәсімдемей, уақытша орналастыруға болады. Ол үшін алаң қоғамдық тамақтану орнына тікелей жалғасып, мекеме ішінен оған шығатын есік болуы қажет. Сонымен қатар жүргіншілердің еркін қозғалысына кедергі келтірмеу керек. Алаңды толық қоршауға рұқсат етілмейді.

Ал көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласында жазғы алаң ашу үшін кәсіпкер мүлік иелерінің бірлестігіне немесе басқарушы ұйымға жүгінуге тиіс. Мұндай шешім пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы жиналысында қабылданады.

Егер жазғы алаң жеке меншік жерге орналастырылса, жер иесінің келісімі қажет. Ал жер учаскесінің бірнеше иесі болса, олардың барлығы рұқсат беруі керек.

Жазғы алаңдарды жабдықтау кезінде ерекше қажеттілігі бар адамдардың еркін қозғалуына жағдай жасау, шұғыл қызметтің кедергісіз өтуіне және инженерлік желілерге қол жеткізуге мүмкіндік қалдыру міндетті. Сондай-ақ мұндай нысандар жүргіншілер мен велосипед жолын, балалар және спорт алаңдарын иемденбеуі әрі олардың қалыпты пайдаланылуына кедергі келтірмеуге тиіс.

Қаулының толық мәтіні «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанның 100-ден астам компаниясы Алматыда сауда және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды

Бүгін 11:29

Балаларды түнде автобусқа отырғызуға тыйым салынады

Бүгін 11:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды тағы да жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 10:49

Қазақстан мен Ресей президенттері жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады

Бүгін 10:39

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);