AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Балаларды түнде автобусқа отырғызуға тыйым салынад...

Балаларды түнде автобусқа отырғызуға тыйым салынады

Заң мен тəртіп Бүгін 11:05 25
Балаларды түнде автобусқа отырғызуға тыйым салынады

Бүгіннен бастап елде автобуспен жолаушы тасымалдау ережелері өзгереді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Енді түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ересектерсіз жүрген балалар автобусқа отырғызылмайды. Көлік министрінің №317 бұйрығында осындай өзгерістер жазылған.

Бұл талап 16 жастан асқан жасөспірімдерге де қатысты. Аталған шектеу «Баланың құқықтары туралы» заңның 36-бабының 5-тармағына сәйкес енгізілген.

Күндіз халықаралық және облысаралық қалааралық автобустарда 16 жасқа толмаған балалар ата-анасымен немесе заңды өкілімен бірге жүру керек. Алайда 7 мен 16 жас аралығындағы балалар ересектерсіз де жолға шыға алады. Ол үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет.

Келісім түпнұсқа құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы рәсімделуі керек. Баланы автобусты отырғызу кезінде бұл құжатты жүргізушіге немесе тасымалдаушының өкіліне көрсетіледі. Ал 7 жасқа толмаған балаларды халықаралық және облысаралық қалааралық автобустарға ата-анасы немесе заңды өкілінсіз отырғызуға болмайды.

Тағы бір өзгеріс қалаішілік және ауылдық автобус бағыттарындағы жолақыға қатысты. Енді бір қала немесе ауыл ішіндегі барлық бағытта жол жүру құны бірдей болады. Тариф орташа есеппен белгіленіп, бес теңгеге еселік сомаға дейін дөңгелектенеді. Бұл ретте жекелеген жолаушыларға арналған жеңілдіктер сақталады.

Мысалы, есептелген жолақы 177 теңге болса, 175 теңгеге, ал 178 теңге болса, 180 теңгеге дейін дөңгелектенеді.

Қалаішілік және қала маңындағы тұрақты автобустардың алдыңғы және артқы жағына маршрут нөмірі жазылған белгі орнатылуы тиіс.

Нөмір ашық сары фонда қара түспен жазылып, әріптердің биіктігі кемінде 120 мм болуы керек. Ал экспресс автобустарда маршрут нөмірінің астына биіктігі кемінде 60 мм болатын қызыл түсті «Экспресс» деген жазу орналастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанның 100-ден астам компаниясы Алматыда сауда және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды

Бүгін 11:29

Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының жазғы террасасы мен алаңын орналастыру тәртібі өзгерді

Бүгін 10:54

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды тағы да жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 10:49

Қазақстан мен Ресей президенттері жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады

Бүгін 10:39

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);