Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау...

Еліміздегі ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау қажет

Әлеумет 24.05.2023, 11:40 1,171
Еліміздегі ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау қажет
Сурет: Нalyq-uni.kz

Бастапқы жарнасыз баспана алу тетіктерін енгізу маңызды.


Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева табысы аз отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Елде әлеуметтік мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалардың бар екені белгілі. Алайда, оларды іске асыру көптеген себеп бойынша қиын өтеді. Яғни кезекте ұзақ тұру, оның жылдар бойы жылжымауы, қаржыландырудың шектелуіне, салынып жатқан тұрғын үйдің жетіспеуіне қатысты мәселелер бар», - деді Г.Танашева Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.



Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2019 жылдан 2022 жыл аралығында 14 938 несие, «Шаңырақ» бағдарламасы аясында 2020 жылдан 2022 жыл аралығында 19 394 несие берілген. Елімізде халық санының қарқынды өсуі жағдайында несие бөлудің бұл көрсеткіштері өте төмен.



«2023 жылға «Бақытты отбасы» бағдарламасына 3176 өтінішке, «Шаңырақ» бағдарламасына 3610 өтінішке 71,9 млрд теңге бөлінді. Бұл баспана кезегінде тұрған 415 700 адамның биыл тек 6 786 өтініші мақұлданады деген сөз. Бұл тек 1,6 пайызын ғана құрап отыр. Халықтың әлеуметтік осал санаттарын тиісті баспанамен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау қажет», - деді депутат.



Оның сөзіне қарағанда, «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны міндетті шарттардан алып тастау керек немесе үш санатқа (көпбалалы, толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға) тұрғын үй сертификатын беруді қамтамасыз ету қажет. Бастапқы жарнаны төлемей, баспана алудың баламалы тетіктерін енгізуді қарастыру маңызды.



«Бақытты отбасы» бағдарламасына толық емес отбасыларды қосу керек. Ипотекалық несие беру шарттарын қайта қарап, аталған санаттағы отбасылар үшін тиісті жағдай жасау маңызды», - деді Г. Танашева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #отбасы #ипотека
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика