AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі ең ірі 5 топтық су құбыры

Еліміздегі ең ірі 5 топтық су құбыры

Әлеумет 26.07.2024, 12:10 1,306 dulatbekova
Еліміздегі ең ірі 5 топтық су құбыры
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі ең ірі топтық су құбырлары жайлы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы - 2583,53 шақырым. Толағай жерасты қойнауынан су тасымалдайтын топтық су құбыры 1986 жылы қолданысқа берілді. Бүгінгі таңда Қызылорда облысындағы 163 мыңнан астам тұрғыны бар 61 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

Булаев топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы - 2027,64 шақырым. 1962 жылы пайдалануға берілген құбыр тәулігіне 60 мың текше метр су жібере алады. Топтық су құбыры Сергеев су қоймасынан басталып, Солтүстік Қазақстан облысының 6 ауданы: Қызылжар, Ақжар, Аққайың, М.Жұмабаев, Тайынша және Мамлют арқылы өтеді. Бүгінгі таңда 95 мыңнан астам тұрғыны бар 136 ауылды сумен қамтамасыз етіп отыр.

Сарыағаш топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы – 896,60 шақырым. 2004 жылы қолданысқа берілген топтық су құбыры Келес өзені мен Ташқұлақ каналынан су алады. Бүгінгі таңда 147 мыңнан астам халқы бар 30 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

Каменский топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы – 307,414 шақырым. Орал қаласының оңтүстігіндегі Серебряков жерасты қойнауынан су жеткізу үшін салынған топтық су құбыры 1982 жылы пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда 25 мыңға жуық тұрғыны бар 19 елді мекенді ауыз сумен қамтып отыр.

Жәйрем-Қаражал топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы – 117,4 шақырым. Тұзкөлден су тарту мақсатында салынған топтық су құбыры 2019 жылы пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда ол 174 мыңға жуық адамды ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақтан #топтық су құбырлары #үздік 5
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);