конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде сиыр етін өңдейтін заманауи кешен салынба...

Елімізде сиыр етін өңдейтін заманауи кешен салынбақ

Әлеумет 30.06.2021, 13:51 2,054
Елімізде сиыр етін өңдейтін заманауи кешен салынбақ
Сурет: Zozy.ru

Ол жоба жүзеге асса, Қазақстанның ауыл шаруашылығында он мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Tyson Foods халықаралық бизнес жөніндегі президенті Кристофер Лангхольцпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz  сайтына сілтеме жасап.


Кездесуде Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту мәселелері талқыланды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа сапары барысында 2019 жылғы желтоқсанда қол қойылған келісімге сәйкес, Tyson Foods қазақстандық Kusto Group компаниясымен бірлесіп, Қазақстанда сиыр еті өндірісінің толық циклын ашуды жоспарлап отыр.



Осылайша, бірінші кезеңде ҚР-да өнімділігі тәулігіне кемінде 2 мың басты құрайтын ет өңдейтін заманауи кешен салу көзделген. Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімді шетел нарықтарына да экспорттайтын болады.


Жобаны іске асыру ет индустриясын және АӨК-тің басқа да іргелес салаларын – ветеринарияны, аграрлық машина жасауды, жемшөп дақылдарын өсіруді, бордақылау алаңдарын құруды және т.б. дамытуды ынталандыратын болады. Қазақстанның ауыл шаруашылығында он мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады.


Өндірістік цикл америкалық «Экстеншн» қызметінің моделі бойынша қазақстандық фермерлерге ақпараттық-кеңестік қызмет көрсетумен сүйемелденетін болады, бұл кеңес беруді, жергілікті жерлерде кадрлардың біліктілігін арттыруды және кәсіптік-техникалық оқытуды қамтиды.


Tyson Foods компаниясының негізі 1935 жылы қаланған, компания айналымы $43,1 млрд құрайды, қызметкерлер саны – 139 мың адам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кайрат #футбол #чемпион #лига #Қазақстан #сиыр #ет #өндіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулікте жол ережесі 2 092 рет бұзылған

Бүгін 08:33

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Медеу ауданындағы Құрмет көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:11

Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Кеше 18:45

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Мұратбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:42

Қазақстанның атом саласын дамыту - энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);