AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде қар барысын өсіретін орталық құрылады

Елімізде қар барысын өсіретін орталық құрылады

Білім және ғылым 16.10.2021, 07:45 1,536 Almaty-akshamy
Елімізде қар барысын өсіретін орталық құрылады
Cурет: Inform.kz

Қазақстанда 130-ға жуық қар барысы мекендейді


«Snow leopard foundation» халықаралық қоры Қазақстандағы алғашқы қар барыстарын сақтау, оңалту және өсіру орталығын құруға Ресей, Қытай мен Қырғызстаннан мамандарды тартуға ниетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Аталған орталық Алматыдағы Іле-Алатау ұлттық паркінде жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта Қор мен Ұлттық парк арасында ғылыми қызмет туралы шартқа қол қойылған. Орталықты құру жобасы БҰҰДБ, ЮНЕП, сондай-ақ дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қатысуымен жүзеге асырылады.


«Snow leopard foundation» Қазақстан аумағында орталықты құруға қатысуға тарту мақсатында кавказ қабыланы мен амур жолбарысының популяциясын сақтау және ұлғайту ісінде тәжірибесі бар Ресей тарапымен келіссөздер жүргізді.



«Қытай тарапының ықтимал қатысуына келетін болсақ, Қор белгілі меценат және филантроп Джек Ма қорымен ынтымақтастықты талқылауға ниетті. Қытайлық әріптестерге бірлескен жұмыс перспективаларын одан әрі талқылау үшін қар барыстарын сақтау және өсіру орталығы бойынша презентация жолданды», - делінген хабарламада.



Орталықтың жұмысы қар барыстарын зерттеу бойынша алғашқы ғылыми зертхана құруды көздейді.Зертханада ғалымдар үшін арнайы әзірленетін қосымшалары бар жеке деректер қоры болады. Бұл Қазақстандағы қар барыстарының экожүйесін есепке алу және зерттеу нәтижелерін жүйелендіруге мүмкіндік береді. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры бұл бағыттағы серіктес болмақ. Бүгінгі күні Талғар шыңының маңайында 3 000 метр биіктікте 90-нан астам фототұзақ орнатылып, «Алтын Емел» саябағында және тағы басқа 23 қар барысына ID төлқұжаттар тағайындалды.


Ғалымдардың бағалауынша, қазіргі уақытта Қазақстанды 130-ға жуық қар барысы мекендейді. Қордың мақсаты - алдағы 10 жылда оның санын көбейту. Бұдан бұрын мәлімделгендей, осыдан 3 апта бұрын Қор және зоология институтының ғалымдары Алматы облысының «Алтын Емел» ұлттық паркінде қар барыстары бар жаңа ортасын тіркеді. Бұған дейін осы ұлттық паркте қар барысы болмады. Олар 20 ғасырдың 50-ші жылдарында КСРО кезінде-ақ жойылған болатын.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қар барысы #Қазақстан #орталық #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);