AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде Орман қорын күзету және қорғау қызметі қ...

Елімізде Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды

Әлеумет 04.05.2024, 13:03 1,203
Елімізде  Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды
Сурет: интернеттен

Қазақстанда 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі бар.


ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Орман қорын күзету және қорғау қызметін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы жаңа Республикалық азаматтық қорғау қызметі ТЖ кезінде, оның ішінде орман өрттерін сөндіру барысында орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Орман өрттеріне қарсы іс-қимыл ормандарды көбейтуге және ағаштарды кесуге ғылыми тәсілді, сондай-ақ кешенді алдын алу шараларын қабылдау мен тиісті құзыреттерді дамытуды қажет етеді. Бөлек қызмет құру қажеттілігі осындай талаптардан туындап отыр», делінген ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарламасында.



Орман қорын күзету және қорғау қызметінің құрылуы мемлекеттік органдардың алапат орман өрттеріне қарсы күрес шараларын үйлестіруін жақсартуға, тиісті мекемелерді техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ табиғи өрттердің алдын алу және оларды сөндіру үшін білікті кадрлар құрамын жасақтауға мүмкіндік береді деп күтілуде.


Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанда 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі бар, олар еліміздегі тіршілікті қамтамасыз ететін институттардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Олардың қатарына Өрт сөндіру қызметі, Медицина қызметі, Химиялық қорғау қызметі, Инженерлік қызмет, Радиациядан қорғау қызметі, Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет және т. б. жатады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#орман #өрт #күзет #Қаулы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);