Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрб...

Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды

Әлеумет 24.01.2026, 10:06 296
Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды
Сурет: Gov.kz

2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 3 мың жетім бала отбасыларға орналастырылды. Осы шара аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қамқоршылардың сенімділігін бағалау мен бақылаудың жаңа моделін енгізді. Институционалдық емес көмекке көшу қарқыны соңғы 10 жылдың статистикасынан анық байқалады. Мәселен, осы кезеңде еліміздегі интернаттық ұйымдар желісі 24%-ға қысқарып, ондағы тәрбиеленушілер саны 54%-ға азайды.

Отбасылық тәрбиелеу формаларына көшу қорғаншылық және қамқоршылық органдары жұмысының сапасын арттыруды талап етті. Осыған байланысты аталған органдардағы мамандар саны 3,3 есеге ұлғайып, 303 қызметкерден 1028 маманға дейін артты. Бұл әрбір отбасына жеке сүйемелдеу көрсетіп, балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын жан-жақты зерделеуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 2025 жылдан бастап заңды өкілдерді іріктеу талаптары күшейді. Енді қамқоршылар міндетті түрде жыл сайын кешенді тексеруден өтеді. Тексеру табыс көздерінің расталуын, денсаулық жағдайын, тұрғын үй жағдайының сәйкестігін және соттылығының болмауын қамтиды. Кез келген тәуекел факторлары, оның ішінде заңды өкілдің сотқа тартылуы немесе психоневрологиялық немесе наркологиялық диспансерге есепке алынуы қамқоршылық міндетінен дереу шеттетуге негіз болады.

Балаларды қолдаудың баламалы тетігі ретінде тәлімгерлік институты да жүйелі түрде дамып келеді. Бүгінде еліміздің 20 өңірінде 360-тан астам тәлімгер бар. 2025 жылдан бастап тәлімгерлер үшін міндетті кәсіби сертификаттау енгізілді. Бұл ретте баланың туыстық байланыстарын сақтау негізгі басымдық болып қала береді, сондықтан ең алдымен оны жақын туыстарына орналастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Қазіргі таңда елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 798 бала бар, олардың 82%-ы отбасыларда тәрбиеленуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстандан #жетім балаларға арналған ұйымдар #бала саны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика