AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде баспана арзандады

Елімізде баспана арзандады

Әлеумет 09.08.2023, 11:39 934
Елімізде баспана арзандады
Сурет: Turkystan.kz

Бірінші кредиттік бюро шілде айында баспана нарығында бағалар қалай өзгергенін мәлім етті.


Ақпаратқа сүйенсек, екінші нарықта үй бағасы арзандап келеді. Осының алдындағы айдағы көрсеткішке қарағанда, бір шаршы метрдің құны 1,7 пайызға төмендеп, 494,4 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кейінгі 5 айдың төртеуінде баға түсіп жатыр (мамырда өзгерген жоқ). Атап айтқанда, осындай жағдай 2015 жылдан бері алғаш байқалып отыр.



«Жалпы көрсеткіштің динамикасына негізгі үлесті 5 ірі қала қосты. Астанада екінші нарықтағы үйлердің бағасы едәуір төмендеп жатыр (-3,4%). Сонымен қатар Алматы (-1,5%), Көкшетау (-1,3%) және Қостанай (-1%) қалаларында да едәуір түсті. Ал Өскеменде бұл көрсеткіш (-0,5%) айтарлықтай жоғары емес», - делінген бюро мәліметінде.



Жалпы, жыл басынан қайта сатылымға түскен баспана 3,7 пайызға, бір жылда 0,7 пайызға арзандады.


Сонымен қатар жаңа баспана құны да түскен. Дегенмен, соншалықты көп емес – 0,1%. Қазір шаршы метрі 486,2 мың теңге шамасында.


Баспананың арзандауы 4 ірі қалада байқалды, яғни Павлодар (-2,2%), Қостанай (-1,7%), Алматы (-0,6%) және Көкшетау (-0,9%) қалаларын атап өтуге болады.


Бұдан бөлек, баспананы жалға алу құны өскен. Шілдеде жалға алынған үйдегі шаршы метрдің құны 4,7 мың теңгені құрады, бұл оның алдындағы айдың деңгейінен 1,9 пайызға жоғары.


Жалға алу құны ең көп Қарағандыда өсті – 3,9%. Одан кейінгі орында Алматы – 3,1%. Бағаның көтерілуі Петропавлда (0,6%) және Шымкентте (0,1%) да байқалды. Қалған қалаларда, оның ішінде Астанада баға өзгерген жоқ.


Жыл басынан бері жалға алу ақысы 1,5 пайызға түскен. Алайда бір жыл қорытындысы бойынша оның құны 28,6 пайызға өсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #бағасы #арзандау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);