Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 9 ұлттық оператор мәртебесінен айырылады

Елімізде 9 ұлттық оператор мәртебесінен айырылады

Әлеумет 03.11.2021, 07:41 1,426
Елімізде 9 ұлттық оператор мәртебесінен айырылады
kz.sputniknews.ru

Бәсекелестік және монополия саласындағы жаңа заң жобасы мемлекеттік және жеке меншік операторлардың санын қысқартып, жұмысын реттеуге мүмкіндік береді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Агенттік төрағасы Мәжіліс депутаттарына «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда таныстырған болатын.



«Келесі маңызды қадам – мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу. Бүгінде монополияны енгізу негіздерін Кәсіпкерлік кодекс мемлекеттік айқындайды. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік монополия құрмай белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға айрықша құқықтарды заңнамалық түрде беру практикасы қалыптасты. Іс жүзінде мемлекеттік және жеке операторлар деп аталатын балама институт құрылды. Біз 51 операторды анықтадық, оның 47-сі мемлекеттің қатысуымен құрылды. Енді оларға мемлекеттік монополия субъектілеріне қолданылатын құқықтық шектеу режимі қолданылуы керек», - деді Серік Жұманғарин.



Оның айтуына қарағанда, құқықтық шектеулер аясында ірі операторлардың бейімдігінен тыс қызметті жүзеге асыруына тыйым салу, сондай-ақ конкурстық іріктеу және қызметтің жариялылығы сияқты шаралар талап етіледі.



«Ең бастысы, операторлардың санын азайту қажет. Қазір 9 оператор бойынша түбегейлі шаралар қабылданады. Олар заң жобасы қабылданғаннан кейін мәртебесінен айырылады. Осыдан кейін Үкімет 4 субъектіні жекешелендіру мерзімін белгілейді. Оның екеуі жеке меншікте және үшеуі ведомстволық бағынысты ұйым ретінде жұмысын жалғастырады. 18 оператор бойынша реттеу талап етілмейді, себебі олар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырады және пайда алмайды. Қалған 24 оператор бойынша қатаң монополияға қарсы реттеуді қамтамасыз ету ұсынылды», - деді агенттік басшысы.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ұлттық #оператор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика