AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 10 мыңға жуық жұмысшы жалақысын ала алмай...

Елімізде 10 мыңға жуық жұмысшы жалақысын ала алмай жүр: инспекторлар 2,3 млрд теңге берешек анықтады

Әлеумет 14.11.2025, 09:23 512 dulatbekova
Елімізде 10 мыңға жуық жұмысшы жалақысын ала алмай жүр: инспекторлар 2,3 млрд теңге берешек анықтады
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 394 кәсіпорны 9,8 мыңнан астам жұмыскерге 2,3 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 6,5 мыңнан астам фактісі анықталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 369 ұйғарым берілді және 428,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде
9,6 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 306 тексеру жүргізді, оның барысында 6 571 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 427; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 111; халықты жұмыспен қамту бойынша – 33.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 40 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалақы #еңбек құқығы #берешек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауыр күйік салдарынан зардап шеккен балаларға күрделі оталар жасалды

Бүгін 17:21

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында жөндеуден кейін жаңартылған бөлімше ашылды

Бүгін 17:19

«Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді

Бүгін 15:40

Алматы дәрігерлері науқасқа екінші өмір сыйлады

Бүгін 15:18

21 мыңнан астам абаттандыру ережесін бұзушы және 20 тоннадан астам алкоголь тәркіленді: Алматыдағы «Таза Қазақстан» қорытындысы

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);