AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшыла...

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

АЭС: Референдум Бүгін 09:45 25
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда
ҚР Энергетика министрлігі

АЭС құрылысының қарқынды кезінде 15 мыңға дейін жұмысшы, ал станцияны кейіннен пайдалану кезеңінде шамамен 2 мың қызметкер қажет болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Түркиядағы «Аккую» АЭС-інде жұмыс істейтін қазақстандық мамандармен кездесу барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 33 мыңға дейін адам тұруға есептелген атомшылар қалашығы қолданыстағы ауылдың құрамына біріктіріледі. Мұнда тұрғын үйлер, мектептер, медициналық нысандар, кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтары салынып, қонақүй инфрақұрылымы, қызмет көрсету саласы мен бизнес те дамытылады.

«Бұл жеке жұмысшылар кенті болмайды. Бұл – өмір сүруге қажетті барлық ілеспе инфрақұрылымы бар Үлкен ауылының дамуы», – деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

Жоспарлау кезінде АЭС құрылысын қамтамасыз ету үшін салынатын нысандарды кейінгі кезеңде пайдалану мүмкіндігі де қарастырылады. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін оларды ауылдың қажеттіліктеріне және кәсіпкерлікті дамытуға пайдалануға болады.

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге де ерекше назар аударылады. Агенттік басшысының айтуынша, Үлкенді Балқаш жағалауындағы ең озық елді мекендердің біріне айналдыру жоспарланып отыр. Ауылдың табиғи ландшафты мен орналасуы да демалыс пен туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар болашақ АЭС қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға арналған оқу-жаттығу орталығын орналастыру көзделген.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, бір АЭС құрылысының қарқынды кезінде 15 мыңға дейін жұмысшы (инженер-құрылысшылар, дәнекерлеушілер, монтажшылар, электр мамандары, автоматтандыру және сапаны бақылау жөніндегі мамандар) ал станцияны кейіннен пайдалану кезеңінде шамамен 2 мың қызметкер (атом инженерлері, реактор қондырғыларының операторлары, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі мамандар) қажет болады.

Кадрларды даярлау Қазақстан Республикасының бейінді оқу орындарымен, сондай-ақ Қытай мен Ресейдің мамандандырылған білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, атом саласының қызметкерлеріне «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында білім алу мүмкіндігі ұсынылатыны хабарланды. Бағдарлама шеңберінде атом саласындағы жетекші шетелдік ұйымдарда магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алуға және тағылымдамадан өтуге арнайы квоталар қарастырылған.

Агенттік басшысы Үлкен ауылының дамуы жастарға жұмысқа орналасу мен кәсіби мансабын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті. Сондай-ақ мамандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілетінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев жүйелі тәртіпті жасауға кірісті – Нұртөре Жүсіп

Бүгін 09:32

Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды

Бүгін 09:16

Тәуелсіздік-35: Алматы мерекеге орай безендірілуде

Бүгін 09:03

«Әділет» партиясының кандидаттары Caspian Beverage Holding ұжымына Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Кеше 20:51

«Әділет» партиясының кандидаттары колледж ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Кеше 20:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);