AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен технология...

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен технологиялық әлеуеті: ҚазҰТЗУ сарапшысы Президент Жолдауы туралы

Жолдау Бүгін 10:39 20
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен технологиялық әлеуеті: ҚазҰТЗУ сарапшысы Президент Жолдауы туралы
Сурет спикердің мұрағатынан

Жолдауда белгіленген басымдықтар ел дамуының алдағы бағытын айқындайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы, профессор Досалы Салқынбек Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кездесуде сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының 2026 жылғы Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтарға қатысты сарапшылық пікірін білдірді.

Сарапшының пікірінше, биылғы Жолдауда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық берілген. Ол бұған дейін елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылып, жаңа Конституция қабылданғанын және мемлекеттік институттар жаңғыртылғанын атап өтті. Ендігі кезекте ел алдында экономиканы жүйелі жаңғырту міндеті тұр.

«Бүгінде мемлекеттің алдында ауқымды міндеттер тұр. Ең басты мәселе – еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын дамыту. Қазіргі халықаралық жағдайдың күрделенуі мен жаһандық бәсекелестіктің күшеюі бұл бағыттың өзектілігін арттыра түседі», – деп атап өтті Досалы Салқынбек.

Сондай-ақ сарапшы Қазақстанның болашақтағы дамуы үшін берік негіз қалыптастыру қажеттігіне назар аударды. Оның айтуынша, еліміз қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып қана қоймай, технологиялық және ғылыми әлеуетін де жүйелі түрде арттыруы қажет.

Бұл ретте заманауи технологияларды дамыту, экономикалық тұрақтылықты нығайту және ұзақ мерзімді прогреске қажетті жағдай жасау ерекше маңызға ие.

Осылайша, профессордың пікірінше, Жолдауда белгіленген басымдықтар ел дамуының алдағы бағытын айқындайды. Оның негізінде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен технологиялық жаңғырту міндеттері тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Арнайы операция: Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді

Бүгін 10:25

Қазақстан әлемдік волонтерлік қозғалыстағы орнын нығайтып келеді

Бүгін 10:05

Цифрлық экономика: Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткізді

Бүгін 10:00

Реформаның нәтижесін әр қазақстандық сезінуі керек – алматылық сарапшы

Бүгін 09:56

Алматыда тауда ұялы байланыссыз қалған адамдарды іздеуге арналған AG Tag жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

Бүгін 09:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);