AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Реформаның нәтижесін әр қазақстандық сезінуі керек...

Реформаның нәтижесін әр қазақстандық сезінуі керек – алматылық сарапшы

Ресми бөлім Бүгін 09:56 48
Реформаның нәтижесін әр қазақстандық сезінуі керек – алматылық сарапшы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауын талқылауға арналған сарапшылар кездесуі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында ел дамуының алдағы негізгі бағыттары, экономиканы жаңғырту, инфрақұрылымдық құрылыс, энергетикалық қауіпсіздік пен халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесі қаралды.

Талқылауға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық факультетінің «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Талғат Жанысбай қатысты.

Өз сөзінде сарапшы 2026 жылғы 28 қазандағы жолдау Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне арналған стратегиялық бағдарларды айқындайтынын айты. Оның пікірінше, қазіргі құжаттың ерекшелігі – саяси өзгерістен экономикалық өрлеуге, инфрақұрылымды жаңғырту мен азаматтардың өмір сапасын арттыруға басымдық берілуінде.

«Жолдаудың басты идеясы – жаһанды геосаяси тұрақсыздық жайлағанда Қазақстанның егемендігін нығайту, ішкі тұрақтылықты сақтау мен экономиканы сапалы жаңғырту. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуеті экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, заң үстемдігімен, басқару тиімділігімен, технологиялық дамуымен және азаматтардың әл-ауқатымен өлшенуі тиіс», – дейді Талғат Жанысбай.

Баяндаманың негізгі тақырыптарының бірі – инфрақұрылымды ауқымды жаңартуды көздейтін «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық бағдарламасы болды. Сарапшының айтуынша, әлеуметтік нысандар, жол мен инженерлік желі салуға, елдімекендерді ауызсумен, газбен қамтамасыз етуге бағытталған инвестиция өңірдің дамуына серпін беруі тиіс.

Оның пікірінше, бағдарламаны жүзеге асырудың инфрақұрылымдық қана емес, әлеуметтік-экономикалық маңызы да зор. Атап айтқанда, ол жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнестің белсенділігін арттыруға және өңірлік экономиканың дамуына қосымша мүмкіндік қалыптастыруға ықпал етпек.

Сонымен қатар сарапшы экономикалық саясаттың нәтижесін халықтың өміріндегі нақты өзгеріс арқылы бағалау қажеттігіне назар аударды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі азаматтардың табысының артуымен, инфляцияның тежелуімен және өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтың азаюымен қатар жүруі тиіс.

«Макроэкономикалық өсім оның нәтижелері адамдардың күнделікті өмірінен көрініс тапқанда ғана нақты жетістікке айналады. Сондықтан халықтың нақты табысын арттыру, инфляцияны тежеу және өңірлік айырмашылықтарды қысқарту мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалаудағы басты өлшемдер болып қалуы тиіс», – деді оқытушы.

Баяндамада көлік-логистика саласын, энергетиканы, өңдеу өнеркәсібін, аграрлық сектор мен су қауіпсіздігін дамыту перспективалары да сөз болды. Талғат Жанысбай қазіргі жағдайда елдің экономикалық тәуелсіздігі тұрақты энергетикалық жүйені қалыптастырумен, замандық инфрақұрылымды дамытумен, технологияны енгізумен және адами капитал сапасын арттырумен тікелей байланысты екенін айтады.

Сарапшы жолдаудың тағы бір маңызды бағыты ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруды атады. Оның пікірінше, бұл қағидат ең алдымен барлық азаматтың заң алдындағы теңдігін, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл ретте мемлекеттік бастамалардың жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жасаудың маңызы ерекше. Мемлекеттік институттардың ашықтығы мен шешім қабылдау кезіндегі жауапкершілік мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудың қажетті шартына айналуы керек.

Қорытындылай келе, Талғат Жанысбай жолдауда белгіленген реформалардың табыстылығы жарияланған жобалар мен қабылданған шешімнің санымен емес, олардың халыққа беретін нақты пайдасымен өлшенетінін жеткізді.

«Халық реформалардың нәтижесін салынған нысандардың санынан ғана емес, табыстың артуынан, сапалы жолдардан, қолжетімді медицина мен білім беруден, сондай-ақ ертеңгі күнге деген сенімнен сезінуі тиіс. Жолдауды іске асырудың табыстылығы дәл осы көрсеткіштер арқылы бағаланады», – деп түйіндеді сарапшы.

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылатын талқылау ғылыми және кәсіби қауымдастық өкілдерін мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша ашық диалогқа тартуға, мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асырудың практикалық тетігін талқылап, олардың мазмұнын жұртқа жеткізуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президент жолдауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен технологиялық әлеуеті: ҚазҰТЗУ сарапшысы Президент Жолдауы туралы

Бүгін 10:39

Арнайы операция: Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді

Бүгін 10:25

Қазақстан әлемдік волонтерлік қозғалыстағы орнын нығайтып келеді

Бүгін 10:05

Цифрлық экономика: Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткізді

Бүгін 10:00

Алматыда тауда ұялы байланыссыз қалған адамдарды іздеуге арналған AG Tag жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

Бүгін 09:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);