AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Арнайы операция: Ақтөбеде синтетикалық есірткі тар...

Арнайы операция: Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді

Заң мен тəртіп Бүгін 10:25 35
Арнайы операция: Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді
Polisia.kz

Арнайы операция барысында жедел уәкілдер 10 келі Альфа-PVP психотроптық затын тәркіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақтөбеде көлік полицейлері синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолын кесті. Арнайы операция барысында жедел уәкілдер 10 келі Альфа-PVP психотроптық затын тәркілеп, ірі есірткі дүкенін жабдықтау арнасын бұғаттады және тұтынушыларға мыңдаған біржолғы дозаның жетуіне жол бермеді.

Қылмыстық топ иерархия бойынша көлеңкелі сегменттің жолға қойылған схемасымен әрекет етіп, анонимді оператордың нұсқауларын орындай отырып, есірткі дүкенінің "қоймашылары" ретінде жұмыс істеген.

Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін қаскүнемдер жеке үйді жалға алып, кейіннен оны өлшеп-орау цехы ретінде пайдаланған. Үй-жайды тінту барысында психотроптық заттар салынған 5 пакет табылды.

Тергеу барысында ұсталғандар кінәларын мойындап, есірткі жасырылған орынның қайда орналасқанын айтты. Нәтижесінде орман алқабындағы аталған жерден есірткі салынған тағы 10 пакет тәркіленді.

Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Енді фигуранттарға мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Ұсталғандар қамауға алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен технологиялық әлеуеті: ҚазҰТЗУ сарапшысы Президент Жолдауы туралы

Бүгін 10:39

Қазақстан әлемдік волонтерлік қозғалыстағы орнын нығайтып келеді

Бүгін 10:05

Цифрлық экономика: Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткізді

Бүгін 10:00

Реформаның нәтижесін әр қазақстандық сезінуі керек – алматылық сарапшы

Бүгін 09:56

Алматыда тауда ұялы байланыссыз қалған адамдарды іздеуге арналған AG Tag жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

Бүгін 09:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);