AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстан әлемдік волонтерлік қозғалыстағы орнын н...

Қазақстан әлемдік волонтерлік қозғалыстағы орнын нығайтып келеді

Мәдениет Бүгін 10:05 38
Қазақстан әлемдік волонтерлік қозғалыстағы орнын нығайтып келеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

ТМД волонтерлерінің ІІ форумын 2027 жылы Минскіде өткізу жоспарланған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан волонтерлік бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Бүгінде еліміз әлемдік қозғалысқа белсенді қатысып, осы бағыттағы халықаралық іс-шаралардың маңызды орталықтарының біріне айналды.

Қазақстанның волонтерлік бағытта Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, сондай-ақ Африка елдерімен әріптестік орнатқан. Барлығы 34 келісім жасалған. БҰҰ Волонтерлер бағдарламасымен, ТМД және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеспен (АӨСШК) орнатылған ынтымақтастықтың маңызы айрықша.

Еліміздің алғашқы бастамаларының бірі – 2022 жылғы тамызда Астана, Түркістан және Бурабайда өткен Орталық Азия волонтерлер форумы. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Армениядан 600-ден астам делегат қатысты.

Форумда БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге волонтерліктің қосатын үлесі мен оны дамыту жолдары талқыланды.

2023 жылы Астанада 30 елден 400-ден астам делегаттың қатысуымен халықаралық форум өтті. Жиындағы негізгі тақырыптар – мемлекет пен қоғамдық институттар арасындағы байланысты нығайту және төтенше жағдайлар кезінде волонтерлердің көмек көрсетуі.

2024 жылғы қазанда елордада АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің волонтерлік қозғалыс көшбасшыларының слеті ұйымдастырылды. Слет жұмысына 21 елден 450-ден астам делегат қатысты. Іс-шараның ауқымы халықаралық қауымдастықтың Қазақстандағы волонтерлік бастамаларға қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетті.

Слет аясында АӨСШК Жастар кеңесінің отырысы да өтті. Кездесу Астананың Ботаникалық бағындағы экологиялық акциямен жалғасып, 200 волонтер 100-ден астам ағаш отырғызды.

Халықаралық волонтерлік ынтымақтастықты дамытуда 2026 жылдың мәні ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.

Мемлекет басшысының тағы бір маңызды бастамасы – ТМД елдері волонтерлерінің форумы. Алғашқы форум 20-21 тамызда Астанада өтті. Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 300-ге жуық делегат қатысты.

Форумда инклюзивті, экологиялық және корпоративтік волонтерлікті дамыту, әлеуметтік жауапкершілікті нығайту, мәдени мұраны сақтау және халықаралық әріптестікті кеңейту мәселелері қаралды.

Қатысушылар кәсіби және салалық волонтерлікті дамыту, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлау, волонтерлік жұмыста заманауи цифрлық құралдарды қолдану жөнінде де пікір алмасты.

Форум қорытындысында ынтымақтастық туралы ортақ қарар қабылданды. ТМД волонтерлерінің ІІ форумын 2027 жылы Минскіде өткізу жоспарланған.

Астанадағы форум Достастық елдерінің волонтерлік бойынша тұрақты ынтымақтастығына негізі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен технологиялық әлеуеті: ҚазҰТЗУ сарапшысы Президент Жолдауы туралы

Бүгін 10:39

Арнайы операция: Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді

Бүгін 10:25

Цифрлық экономика: Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткізді

Бүгін 10:00

Реформаның нәтижесін әр қазақстандық сезінуі керек – алматылық сарапшы

Бүгін 09:56

Алматыда тауда ұялы байланыссыз қалған адамдарды іздеуге арналған AG Tag жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

Бүгін 09:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);