AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда тауда ұялы байланыссыз қалған адамдарды і...

Алматыда тауда ұялы байланыссыз қалған адамдарды іздеуге арналған AG Tag жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр

Алматы Бүгін 09:34 26
Алматыда тауда ұялы байланыссыз қалған адамдарды іздеуге арналған AG Tag жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр
Алматы әкімдігі

Базалық станция интернетке және ұялы желілерге қосылмай-ақ автономды режимде жұмыс істей алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда ұялы байланыс, SIM-карта және интернет болмаған жағдайда да адамның орналасқан жері туралы мәліметті құтқарушыларға жеткізуге мүмкіндік беретін SOS батырмасы бар AG Tag жеке құрылғысына негізделген қауіпсіздік жүйесі әзірленіп, сынақтан өткізіліп жатыр.

AG Digital KZ компаниясының бұл жобасы Алматының Цифрландыру басқармасының қатысуымен жүзеге асырылуда.

Жаңа қауіпсіздік жүйесі таулы және жетуі қиын аймақтардағы іздестіру-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған. Құтқару қызметтерінің мәліметінше, жыл сайын Алматы тауларында 1 000-нан астам іздестіру-құтқару жұмысы жүргізіледі. Алайда көптеген туристік бағытта ұялы байланыс желісімен қамтылмаған аумақтар бар. Бұл көмекке мұқтаж адамдардың нақты орналасқан жерін анықтауды қиындатады.

AG Tag құрылғысы спутниктік навигация арқылы адамның координаттарын өздігінен анықтап, оларды радиобайланыс арқылы құтқару қызметінің базалық станциясына жібереді. Деректер әр екі секунд сайын жаңартылып отырады. Ал төтенше жағдай туындаған кезде турист SOS батырмасын бір рет басу арқылы дабыл белгісін жібере алады. Зардап шеккен адамның координаттары жедел кезекшінің электрондық картасында көрсетіледі. Қазіргі конфигурацияда сигнал тарату қашықтығы 15 шақырымға дейін жетеді.

Жүйе құрылғымен байланыстың жай-күйін бақылауға, сондай-ақ сигнал жоғалған жағдайда оның соңғы орналасқан жерін тіркеуге мүмкіндік береді. Базалық станция интернетке және ұялы желілерге қосылмай-ақ автономды режимде жұмыс істей алады.

Жоба аясында туристерге жабдықты eGov Mobile қосымшасындағы QR-код арқылы беру тетігі де қарастырылып жатыр. Сапарға шығар алдында пайдаланушы бағытын және болжамды қайту уақытын тіркеп, жеке құрылғыны ала алады. Ал сапар аяқталғаннан кейін құрылғыны қайтарады.

Алматының негізгі туристік бағыттарында жабдық беретін 12 пункт ашу көзделген. Олардың қатарында Алма-Арасан, Аюсай, Медеу, Кімасар, Көкжайлау, Бұтақты және Шымбұлақ бар.

Бүгінде жүйе Алматының алты таулы бағытында, соның ішінде Турист, Панорама, Букреев және Фурманов шыңдары мен Үлкен Алматы көлі маңында сынақтан өтті. Тексеру жұмыстары әртүрлі ауа райы жағдайында, оның ішінде биік таулы аймақтарда жүргізілді.

Сонымен қатар Алматының Құтқару қызметімен және ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлескен сынақтар өткізілді. Сынақтар ұялы байланыс желісі жоқ аумақтарда да жүргізілді. Тексеру нәтижесінде жүйенің жұмыс істеу қабілеті расталды. Қазіргі уақытта одан әрі сынақтан өткізу үшін құрылғылардың алғашқы партиясы дайындалды.

2026 жылдың соңына дейін Алматының туристері мен альпинистік қауымдастықтарының қатысуымен пилоттық сынақтарды бастау жоспарланып отыр. Жобаға Алматының Төтенше жағдайлар департаменті, Альпинизм федерациясы және қаланың визит-орталықтары қатысады.

Алдағы уақытта бұл технологияны Алматы тауларында ғана емес, Қазақстанның басқа да туристік аймақтары мен жетуі қиын өңірлерінде қолдану жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Марапаттың салмағы

Бүгін 09:12

Шымбұлақ тау курортында алғашқы қар түсті

Бүгін 09:03

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Бүгін 08:45

Еліміздегі автожолдарда жүк көлігіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру тәсілі талқылануда

Бүгін 08:00

Павлодар облысында Құрылтай депутаттарының өңір тұрғындарымен кездесулері өтуде

Кеше 20:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);