конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел қорғау – қасиетті парыз

Ел қорғау – қасиетті парыз

Әлеумет 21.11.2024, 16:05 1,045 Айнабай Мәди
 Ел қорғау – қасиетті парыз
Сурет: aqshamnews.kz

Әуезов ауданындағы №202 мектеп-гимназия оқушылары  Қалнияз жыраудың «Ер Қармыс» батырлық дастанын жарыққа шығарып, өскелең ұрпақ арасында насихаттауға үлес қосқан Сандуғаш Тағабергеновамен кездесті.

Мақсат – «SABU Productions» орталығының  бастамасымен оқырманға жол тартқан «Ер Қармыс» батырлық дастанын жас жеткіншектерге таныстыру. Жас оқырманға арналған бұл туындыда Ер Қармыстың ерлігі, халқымыздың ұлт болып қалыптасу жолындағы тарихи сәттері мен жаужүрек ерлердің Отан алдындағы жанқиярлық кездері жан-жақты баяндалады. Ер Қармыс Бекболатұлы 1720 жылдары өмірге келген, дастанда оның 75 жасында жаумен айқасқаны айтылады. Батыр қартайып, үйде науқастанып жатқанда «шайқаста ерлікпен өлсем» деп армандаған екен. Кейін «жау шапты» дегенде қолына найзасын алып жауға ұмтылған. Алмағайып заманда өмір сүрген батыр бабамыз жаумен шайқаста ерлікпен қаза табады. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел қорғайтын сарбаздың жадына  «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген халық даналығын салғандай.

«Рухани жаңғыру жолында жас оқырманның санасына шақтап, көркем суретпен безендіріп бұрынғы батырлық тарихымыздан сыр шертетін дастанды қазіргі жастарға лайықты етіп шығаруды ұйғардық. Ер Қармыс батыр – тарихта болған адам. Ол жайында көптеген жыр жазылған, баһадүрдің сүйегі Маңғыстау жерінде. Бұл дастанның бірнеше нұсқасы бар. Эпос бізге ауызша жетсе де, оның түпнұсқасын таптық. Кітапты шығармас бұрын дастанды екі жылдай зерттеп, зерделедік. Маңғыстаулық марғасқа ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Светқали Нұржан осы нұсқаның өзгеріске ұшырамай жеткенін айтты», – дейді идея авторы Сандуғаш Тағабергенова.

Ер Қармыс кітабының 10 мың дана болып шығарылуына демеушілік еткен «Центр Кредит банкі». Кітаптың таныстырылымы барысында оқушыларға арнайы сыйлықтар мен «Ер Қармыс» кітабы тарту етілді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ер Қармыс #кітап #батырлық дастаны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Кеше 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Кеше 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Кеше 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Кеше 16:48

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Кеше 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);