AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ел аумағында қару-жарақ тапсыру науқаны жүріп жаты...

Ел аумағында қару-жарақ тапсыру науқаны жүріп жатыр

Заң мен тəртіп 17.04.2023, 11:54 1,175
Ел аумағында қару-жарақ тапсыру науқаны жүріп жатыр
Сурет: Kaznovosti.kz

Бір аптада 399 қару-жарақ полицияға тапсырылған.


Акция әлі де жалғасуда. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Министрлік жыл сайын өткізетін заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасуда. Ол 10 сәуірде басталды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бір апта ішінде ішкі істер органдарына 317 азамат жүгінді, олар өз еркімен 399 атыс қаруын, 1,4 мыңнан астам қару тапсырды. Халықтан қару-жарақ сатып алу шарасы 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде азаматтар жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 56 мыңнан астам атыс қаруы мен 2 млн астам патронды өз еркімен полицияға тапсырды», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, қабылданған шаралар тиімділігін көрсетіп отыр. Оның дәлелі соңғы 5 жылда қару қолдану арқыл жасалатын қылмыстар саны азайған.



«Еске сала кетейік, қару-жарақты ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың техникалық жағдайына байланысты оның әрбір бірлігіне 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейінгі сомада төлем жасау көзделеді», - дейді ол.



Қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды қабылдау әр аумақтық полиция мекемесінде жүргізіледі.



«Қауіпсіздікті қамту мақсатында ведомство табылған жарылғыш заттар және оқ-дәрілерге өздігінен әрекет жасамауды және оларды тасымалдауға тырыспауға шақырады. Ол үшін полицияға 102 нөміріне немесе 112 нөміріне телефон арқылы хабарлаған жөн», - деп хабарлайды ІІМ-нен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қару-жарақ #полиция #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Бүгін 18:46

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:18

Алматыда Брайль қарпіндегі кітап пен аудиокітап шығару технологиялары таныстырылды

Бүгін 16:32

Алматы әкімі Әуезов ауданын жұмыс сапарымен аралап, тұрғындармен кездесті

Бүгін 16:21

«MasterSkills – 2026» нан пісіру өнері мен педагогтердің кәсіби шеберлігі

Бүгін 16:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);