AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Экс-министр Жақсылықовтың ұсталғаны рас па?

Экс-министр Жақсылықовтың ұсталғаны рас па?

Әлеумет 10.06.2025, 15:22 780
Экс-министр Жақсылықовтың ұсталғаны рас па?
gov.kz

Экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өзінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

БАҚ-та Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат тарады. Жақсылықов бұл ақпаратты жоққа шығарып, өз үйінде демалып жатқанын айтты. 

"Сандырақ. Ең алдымен ресми дереккөздерге сену керек. Мен демалыстамын. Маған демалуға мүмкіндік берілді. Үш жарым жыл бойы демалыс алмай жұмыс істедім. Өздеріңіз білесіздер, қызметіміз сондай", — деді Жақсылықов Tengrinews.kz редакциясына берген жауабында. 

Министрдің айтуынша, ол қазір Астанада отбасымен, әйелі мен балаларының жанында. Ол үйінің ауласында батут орнатып жатыр екен.

Сондай-ақ, Жақсылықов жалған ақпаратты таратқандарға қатысты құқық қорғау органдарына жүгінетінін айтты.

"Ар-намыс пен қадір-қасиетімді қаралайтын жалған ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін", — деді экс-министр.

Еске салайық, 8 маусымда Жақсылықов қызметінен босатылған еді. 

Руслан Жақсылықов туралы не белгілі?

1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі (1987 жыл).
М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996 жыл).
Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004 жыл).
Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Әскери атағы: генерал-полковник (2022 жыл).

Меңгерген тілдері: қазақ, орыс.

Наградалары: І дәрежелі Даңқ ордені, ІІ дәрежелі Даңқ ордені, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің ордені және Қазақстан Республикасы, КСРО және ТМД медальдары.

Мансап

1987–1988 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі.

1988–1989жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі барлау взводының командирі.

1989–1992жж. – Түркістан әскери округы мотоатқыштар полкі барлау ротасының командирі.

1992–1993жж. – барлау мотоатқыштар полкінің бастығы.

1996ж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гвардиялық оқу-жаттығу орталығының барлау бастығы.

1996–1997жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының штаб бастығы.

1997–1998жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің полк командирі.

1998–2000жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері жедел тағайындау полкінің командирі.

2000–2004жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерді жедел тағайындау бригадасының командирі.

2004–2006 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының командирі.

2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.

2007–2008жж. – қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас штабының бастығы.

2008–2013 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысы.

2013–2014 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.

2014–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2022 жылғы 19 қаңтардан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Өкпелесең көшіп кет

Еске салайық, 2022 жылы Руслан Жақсылықовтың дау туғызған видеосы тарады. Онда бір адам экс-министр видео түсіріп тұрған адамға "Журналистер өкпеледі ме?" дейді. Видео түсіріп тұрған адам "Журналистер емес, халық сол видеоны көріп, сынап жатыр" дейді. Оған Жақсылықов "Әә, қазақтарда бір мақал бар. Өкпелесең көшіп кет" деп жауап қатады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Руслан Жақсылықов #Қорғаныс министрі #ұсталу #уақытша қамау изоляторы #жалған ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика