AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен бос...

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен босатылды

Билік 08.06.2025, 13:44 647
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен босатылды
gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. 

Руслан Жақсылықов туралы не белгілі?

1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі (1987 жыл).
М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996 жыл).
Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004 жыл).
Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Әскери атағы: генерал-полковник (2022 жыл).

Меңгерген тілдері: қазақ, орыс.

Наградалары: І дәрежелі Даңқ ордені, ІІ дәрежелі Даңқ ордені, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің ордені және Қазақстан Республикасы, КСРО және ТМД медальдары.

Мансап

1987–1988 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі.

1988–1989жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі барлау взводының командирі.

1989–1992жж. – Түркістан әскери округы мотоатқыштар полкі барлау ротасының командирі.

1992–1993жж. – барлау мотоатқыштар полкінің бастығы.

1996ж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гвардиялық оқу-жаттығу орталығының барлау бастығы.

1996–1997жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының штаб бастығы.

1997–1998жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің полк командирі.

1998–2000жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері жедел тағайындау полкінің командирі.

2000–2004жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерді жедел тағайындау бригадасының командирі.

2004–2006 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының командирі.

2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.

2007–2008жж. – қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас штабының бастығы.

2008–2013 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысы.

2013–2014 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.

2014–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2022 жылғы 19 қаңтардан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Өкпелесең көшіп кет

Еске салайық, 2022 жылы Руслан Жақсылықовтың дау туғызған видеосы тарады. Онда бір адам экс-министр видео түсіріп тұрған адамға "Журналистер өкпеледі ме?" дейді. Видео түсіріп тұрған адам "Журналистер емес, халық сол видеоны көріп, сынап жатыр" дейді. Оған Жақсылықов "Әә, қазақтарда бір мақал бар. Өкпелесең көшіп кет" деп жауап қатады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі #Қорғаныс министрі #Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов #лауазым #босатылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 10:14

Алматыдағы балалар колониясына Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен келді

Бүгін 09:53

Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 09:32

Қазгидромет 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 08:56

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Бүгін 08:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика