Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Экс-министр Елжан Біртанов жаңа қызметке кірісті

Экс-министр Елжан Біртанов жаңа қызметке кірісті

Өмір-өзен 14.03.2023, 13:21 1,343
Экс-министр Елжан Біртанов жаңа қызметке кірісті
Сурет: Kapital.kz

Ол кәсіподақ мүшелерімен бірге медицина мәселелерімен айналыспақ.


Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов QazMed медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің кәсіподағында кеңесші қызметін атқаратын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Экс-министр кәсіподақ мүшелерімен бірге медицина мәселелерімен айналыспақ. Оның айтуынша, салада кадр және еңбекақы проблемасы әлі де өзекті.


Өткен жылдың қазанында экс-министр Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішев қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, Біртанов 5 жылға, Олжас Әбішев 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген. Оларға мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойы тыйым салынады. Сондай-ақ ескертусіз мекенжайын өзгертуге болмайды.


Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Осы платформа бойынша орындалмаған жұмыстың құны 4,5 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге деп танылды.


2022 жылдың 9 қарашада Елжан Біртановтың адвокаттары сотқа апелляциялық шағым түсірді.


Өткен жылдың соңында қазақстандық дәрігерлер Елжан Біртановты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы петиция жариялаған.


Өткен айда апелляциялық cот алқасы Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев ісіне қатысты шешім шығарып, шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Біртанов #қызмет #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика