Доллар бес теңгеге қымбаттады

Доллар бес теңгеге қымбаттады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстан қор биржасында 28 наурыздағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 4,95 теңгеге көтеріліп, 503,42 теңге болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,02 теңгені (+0,06) құрады.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 69,16 теңгеге (+0,67) дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 502,1-504,7 теңге, еуро 542,5-547,5 теңге, рубль 5,87-6,03 теңге аралығында сатылуда.

28 наурыздағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді. Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,44%-ға төмендеп, барреліне $73,02 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,40%-ға арзандап, барреліне 69,64 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 498,25 теңге, еуроны 537,16 теңге, рубльді 5,96 теңге деп белгіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21