AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Декреттен жұмысқа шыққан аналарға қандай жеңілдік...

Декреттен жұмысқа шыққан аналарға қандай жеңілдік қарастырылған?

Әлеумет 13.11.2025, 10:26 656 yakiya
Декреттен жұмысқа шыққан аналарға қандай жеңілдік қарастырылған?
Сурет: istockphoto.com

Жас баласы бар аналар қысқартылған жұмыс күніне және ақылы үзілістерге құқылы, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Егер әйел адам декреттік демалыстан белгіленген мерзімнен бұрын жұмысқа шықса, ал баласы әлі бір жарым жасқа толмаса, ол толық емес жұмыс күні тәртібінде еңбек етуге құқылы. Бұл бала емізуді жалғастыру қажеттілігімен байланысты және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған.

Бұл туралы Электрондық үкімет сайтында айтылған.

Декреттік демалыстан қалай шығу керек?

Декреттік демалыс әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша, баланы 3 жасқа толғанға дейін асырау бойынша ақша төленбестен беріледі. Егер әйел бала күтімі бойынша демалыс мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға тілек білдірсе, оған жұмыс берушіге жұмысқа шығу туралы өтінішті ҚР Еңбек кодексінің 100-бабының 4-тармағына сәйкес болжамды шығу күнінен бір ай бұрын ұсыну қажет.

Өз кезегінде жұмыс беруші (ҚР Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес) "декреттегінің" лауазымын уақытша атқаратын жұмыскерді еңбек қатынастарының өзгеруі - жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру туралы бірден хабардар етуі тиіс.

Бала емізетін ана үшін толық емес жұмыс күні

Декреттік демалыстың тиісті мерзімінен бұрын жұмысқа шыққан әйел толық емес жұмыс күніне құқылы. Бұл баланы емізу 1,5 жасқа дейін жалғасу қажеттілігімен түсіндіріледі.

ҚР Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес 1.5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге жұмыстың әр 3 сағатынан кем емес уақытқа баланы (балаларды) тамақтандыру үшін қосымша үзілістер ұсынылады:

бір баласы барға - әр үзіліс 30 минуттан кем емес;
екі немесе одан да артық - әр үзіліс 1 сағаттан кем емес.
Үзіліс уақытын және оның тәртібін жұмыс берушімен келісуге болады: үзілістерді түскі асқа қосуға немесе жұмыс күнінің басына не соңына жинақтап пайдалануға рұқсат етіледі.

Маңыздысы - бұл үзілістер жұмыс уақытына кіреді және орташа жалақы бойынша төленеді, яғни қызметкердің табысы азаймайды.

Заңгерлердің айтуынша, жұмыс берушінің мұндай үзілістерді беруден бас тартуы немесе толық емес жұмыс күнін қамтамасыз етпеуі еңбек заңнамасын бұзу болып есептеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Декрет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);