Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Станислав Черчесовтың ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Бұған дейін оның отставкаға кететіні туралы ақпарат медиада, әсіресе журналист Ермұхамед Мәуленнің тарапынан айтылған болатын. Бүгін ҚФФ ресми мәлімдеме жасады: «Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың отставкаға кететіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Черчесов ҚФФ-пен жасалған келісімшарт аясында бас бапкер қызметін жалғастыруда». Осылайша, бапкердің отставкасы туралы тараған қауесеттер жоққа шығарылып, Черчесовтың командамен жұмысын жалғастыратыны белгілі болды.