AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы құрамасы WorldSkills Kazakhstan 2026 респуб...

Алматы құрамасы WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық чемпионатына аттанды

Білім және ғылым Бүгін 10:09 25
Алматы құрамасы WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық чемпионатына аттанды
Алматы әкімдігі

Алматының атынан 43 құзыреттілік бағыты бойынша 53 студент пен 43 сарапшы қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық чемпионатына қатысатын қала құрамасын шығарып салу рәсімі өтті. Кездесу барысында жас мамандарға сәттілік тілеп, кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсетуіне тілек білдірілді.

Астанаға аттанар алдында Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев Алматы сервис және технологиялар колледжіне барды. Колледж директоры Жарқын Жаниязова оған «Жас маман» жобасы аясында ашылған «Тігін ісі» құзыреттілік орталығының жұмысын таныстырып, студенттердің тәжірибелік дайындығы мен оқу орнының жетістіктері туралы баяндады.

Сапар аясында WorldSkills Almaty ұйымдастыру комитеті қала құрамасының қатысушылары және оларды чемпионатқа дайындаған тәлімгерлермен кездесу өткізді. Қалыптасқан дәстүр бойынша Сәкен Аралбаев команда капитанына Алматының туын табыстап, қатысушыларға сенімділік пен табандылық тілеп, чемпионатта лайықты өнер көрсетуіне тілектестік білдірді. Конкурсқа қатысушылар қала басшылығы мен тәлімгерлерге қолдау көрсетіп, дайындыққа көмектескені үшін алғыс білдірді.

25-30 қараша аралығында Астанада XI WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. Байқау EXPO халықаралық көрме орталығында ұйымдастырылып, еліміздің 20 өңірінен келген колледж студенттерін біріктіреді. Қатысушылар кәсіби дағдысын нақты жұмыс ортасына барынша жақындатылған жағдайда көрсетуге тиіс.

Алматының атынан 43 құзыреттілік бағыты бойынша 53 студент пен 43 сарапшы қатысады. Құрама сапына WorldSkills Almaty 2025 өңірлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енген. Олар биыл қыркүйек айында өткен қосымша іріктеуден сүрінбей өткен.

Жалпы республикалық чемпионатқа Қазақстанның 20 өңірінен 850-ден астам конкурсқа қатысушы пен 700 сарапшы қатысады.

Алматы құрамасына WorldSkills Kazakhstan ресми техникалық делегаттары – Алматы көпсалалы колледжінің директоры А. К. Бейсетбаев пен Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры Б. С. Ахметов жетекшілік етеді. Олар чемпионатқа қатысу барысында команданың ұйымдастыру және техникалық жұмыстарын үйлестіреді.

WorldSkills Kazakhstan 2026 чемпионаты студенттерге кәсіби шеберлігін көрсетуге, еліміздің басқа өңірлерінен келген қатысушылармен тәжірибе алмасуға және мүмкіндігін республикалық деңгейде танытуға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық өнердің өшпес өрнегі

Кеше 21:36

Абай университетінде Поляк орталығы ашылды

Кеше 21:31

Түркістан облысында әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жаңартылуда

Кеше 20:30

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Кеше 19:45

Алматыда блогерлерге арналған шеберлік сабағы өтті

Кеше 19:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);