AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Чемпиондардың өмір бойғы төлемақысы 306 мың теңгег...

Чемпиондардың өмір бойғы төлемақысы 306 мың теңгеге дейін көбейеді

Спорт 02.03.2022, 08:40 1,917
Чемпиондардың өмір бойғы төлемақысы 306 мың теңгеге дейін көбейеді
Сурет: Мatritca.kz

Қазір спортта жоғары нәтиже көрсеткендерге берілетін қосымша төлем 70 мың теңгенің шамасында.


Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларына өмір бойы төленетін төлемақының көлемін 306 000 теңгеге дейін көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жаңа Мәдениет және спорт министрі мемлекет спорттық карьерасы аяқталған чемпиондардан теріс айналмауы керек деп есептейді. Ол жаттықтырушылар тапшылығына да тоқталды.


Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларына өмір бойы төленетін төлемақының көлемін 306 000 теңгеге дейін көтеруді тапсырды.



«Вице-министрге чемпиондарға, жүлдегерлерге, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына өмір бойына төленетін материалдық қолдау төлемінің мөлшерін 100 АЕК-ке (306 300 теңге) дейін арттыруды пысықтауды тапсырамын», - деді Абаев.



Оның айтуынша, қазір спортта жоғары нәтиже көрсеткендерге берілетін қосымша төлем 70 мың теңгенің шамасында және бұл «өте дұрыс емес».



«Сондықтан жоғары нәтижеге қол жеткізген адамдар лайықты материалдық қолдауға ие болуы керек», - деп есептейді Абаев.



Сондай-ақ ведомство басшысы салада білікті бапкерлер тапшы екенін айтты. Бұл жағдай олардың жалақысына тікелей байланысты.



«Қазіргі таңда (...) еңбек өтілі жоқ біліктілік деңгейі орташа жаттықтырушы 63 мың теңге жалақы алады. Осыған байланысты дене шынықтыру факультеттерінің түлектері спортты таңдамайды, олар қызмет көрсету саласы, күзет фирмалары, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырып жатыр», - деді Абаев.



Ол Үкіметке жаттықтырушылардың жалақысын көтеру, сондай-ақ оларды материалдық ынталандыру мәселесі ұсынылатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #чемпион #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);