AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапа...

Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады

Құрылтай 14.08.2026, 20:30 188
Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады
Фото: baq.kz

Жаңа Конституция мемлекеттің әлеуметтік саладағы жауапкершілігін күшейтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі қаржыландыру көлемін бағалаудан пациенттің өзі сезінетін нақты көрсеткіштерге – медициналық көмекті қаншалықты жылдам алатынына, тексерулер мен дәрі-дәрмектердің қолжетімділігіне көшуі керек.

Мұндай пікірді «Sarap» сарапшылар клубының отырысында денсаулық сақтау саласының сарапшысы, дәрігер-анестезиолог Жаннұр Қалиғожин айтты.

Сарапшының айтуынша, жаңа Конституция мемлекеттің әлеуметтік саладағы жауапкершілігін күшейтеді. Бұл ретте жаңа саяси модель үшін негізгі мәселелердің бірі – бекітілген кепілдіктердің азаматтардың өмір сүру сапасына қалай әсер ететіні.

Қалиғожин елімізде денсаулық сақтау жүйесі біршама тұрақты қалыптасқанын атап өтті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бар, емханалық медициналық қызмет дамыған, жоғары технологиялық медициналық көмектің кең ауқымы қолжетімді.

Алайда оның пікірінше, дамудың келесі кезеңінде жүйені одан әрі кеңейтуден гөрі оның сапасына көбірек көңіл бөлу қажет.

Менің ойымша, қазір денсаулық сақтау сапасы туралы мәселе көтеретін уақыт келді. Өйткені халық үшін денсаулық сақтау саласына бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін білу және түсіну соншалықты маңызды емес. Адам денсаулық сақтау жүйесінен нақты не алатынын түсінуі керек, – деді Жаннұр Қалиғожин.

Сарапшы пациент үшін реформалардың тиімділігі нақты дүниелермен өлшенетінін түсіндірді. Яғни дәрігерге дер кезінде қаралу, қажетті тексеруден өту және тиісті дәрі-дәрмектерді алу мүмкіндігі маңызды.

Яғни адам кепілдік берілген көмекті қаншалықты жылдам ала алады, қажетті тексеруден дер кезінде өте ала ма, мемлекет уәде еткен дәрі-дәрмектерді ала ма – мәселе осында. Адам барлық реформаны, негізінен, осы көрсеткіштер арқылы бағалайды, – деп атап өтті ол.

Қалиғожиннің айтуынша, дәл осы өмір сүру сапасы қазіргі электоралдық күн тәртібінің негізгі бағдарларының біріне айналуы тиіс.

Ол сондай-ақ Құрылтайдың жаңа құрамында конституциялық кепілдіктерді азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін нақты әрі өлшенетін көрсеткіштерге айналдыру мүмкіндігі бар екенін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);