ffin.kz

Бүгін – Дүниежүзілік автокөліксіз жүру күні  

Бүгін – Дүниежүзілік автокөліксіз жүру күні   ysia.ru

22 қыркүйекте әлемнің көптеген елдерінде «Көліксіз бір күн» акциясы ұйымдастырылады. Тұрғындар қала бойынша қоғамдық көліктерде, велосипедтерде, роликтерде, самокаттарда немесе жаяу жүреді. Осындай алғашқы акция 1997 жылы Англияда өткен. Бірнеше жыл ішінде ол ауқымды халықаралық іс-шараға айналды: жыл сайын жүздеген қала тұрғындары бүкіл әлем бойынша көлікпен жүруден бас тартқан. Тіпті, акцияға қатысушылар үшін бонустар ойластырған. Мәселен, бұл күні велосипедтерді жалға беру нүктелерінің көпшілігінде екі дөңгелекті көлікті тегін алуға болады, самокаттарды арзан бағада жалдай аласыз. Жүгіру кезінде тұрғындар бір-біріне қолайсыздықтар туындатпауға тырысатын көрінеді.


Осы ретте Алматы қаласына осындай ак­ция ұйымдастыру керек-ау деген ойға ке­леміз. Себебі, мегаполистің ауасы күннен- күнге нашарлап келе жатқанын экологтар дабыл қағып, талай айтып жатқанын естиміз. Алайда, оған құлақ асқан халықты көрмейміз. Керісінше, күн санап жеңіл көліктердің саны артып келе жатқанын байқауға болады. Қарап отырсақ, тұрғындардың басым көпшілігі қо­ғамдық көліктерде қатынайтынын байқай­мыз. Себебі, таңмен таласа да, тал түсте де автобустарға кіре қалсаңыз, жолаушылар легі азайғанын көрмейсіз. Қай уақытта болмасын коғамдық көліктер адамдарға лық толы. Кей­де 1-2 адам отыратын жеңіл көлік бізге не үшін қажет деп ойланамын? Кептеліс туында­тады, ауаны ластайды, жол көлік апаттарын туындатып, адамдарды қазаға ұшыратады. Керек кезде такси болғандарының өзі жолға қомақты қаржы сұрайды. Оған келісе қойма­саңыз, автобусқа отырыңыз деген дөрекі сөз­дерді айтып жатады. Қарап отырсаңыздар, көлік тізгіндегендердің көпшілігі шіреніп, жаяу жүргіншілерге менмендікпен қарайты­нын байқауға болады. Шын мәнісіне келер болсақ, табиғатқа, адамзат баласына еш зия­ны тимейтіндер жаяу жүргіншілер емес пе? Тіпті, жол апатына қоғамдық көліктердің өзі жеңіл түседі, адамдарға зиянын тигізбейді. Ал жеңіл көлікті тізгіндегендер кем дегенде 3 адамның, екі бағытта қақтығыс болса 8 адамның өмірін жалмап кетеді.



Алматыдағы ауаның ластанғанын көру үшін тауға көтерілу немесе ұшып бара жатқан ұшақтың иллюминаторы арқылы қалаға көз тастау қажет. Таза ауаны ұшақ бортында, жел көлеңкесі сызығының үстінен көтерілген кезде ғана түтін мен ластанбаған әуе кеңістігінің арасындағы шекарадан көруге болады. Ақпанда Алматының үстіндегі қара түндіктің суреті The Guardian-ның «Тұншық­қан планетаның бір күні» мақаласында жа­рияланды. Материалда журналист Крис Майкл әлемдегі ең лас қалалардың фотосу­реттерін іріктеп алған көрінеді. Бақылау қо­рытындысы бойынша, соңғы онжылдықта Алматы ауасының сапасы «өте жоғары» лас­тану деңгейінен «жоғары» деңгейіне ауысты. 2015 жылдан бастап Алматыда атмосфера­ның ластану индексі 10,0-дан 7,0-ге дейін төмендеп келеді. Бұл формальдегид бойынша шекті рұқсат етілген концентрация норматив­терінің (ШРК) өзгеруіне байланысты. Себебі, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республика­сында ауа бойынша №168 жаңа ережелер мен нормалар қолданылған болатын.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38