AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Еуро-24 / Бүгін Англия мен Нидерланд құрамалары кездеседі

Бүгін Англия мен Нидерланд құрамалары кездеседі

Еуро-24 10.07.2024, 17:27 938
Бүгін Англия мен Нидерланд құрамалары кездеседі
Сурет: ашық дереккөз

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 10 шілдеде 1/2 финалдағы екінші ойында Англия мен Нидерланд құрамалары кездеседі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Кездесу сағат 00.00-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Кездесу Дортмунд қаласындағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында өтеді.

С тобында сынға түскен Англия Сербияны 1:0 есебімен жеңсе, Даниямен 1:1, Словениямен 0:0 есебімен тең ойнады. Англиялық футболшылар 1/8 финалда Словакияны қосымша кезеңде 2:1 есебімен сүріндірді. 1/4 финалда Швейцариямен негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең түсіп, пенальтилер сериясында 5:3 есебімен жеңіп кетті.

Нидерланд D тобында Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді. 1/8 финалда олар 3:0 есебімен Румынияның осал тұсын тапса, ширек финалда түркияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Екі құрама бұған дейін 22 мәрте кездесіп, 6-да Англия, 7-де Нидерланд басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Испания 12 жылдан кейін Еуропа чемпионатының финалына шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еуро-2024 #спорт #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика