конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бразилияда 24-ші жазғы Сурдлимпиада жалауын көтерд...

Бразилияда 24-ші жазғы Сурдлимпиада жалауын көтерді

Спорт 03.05.2022, 03:16 1,337 Almaty-akshamy
Бразилияда 24-ші жазғы Сурдлимпиада жалауын көтерді
Cурет: Спорт комитеті

Жиырма төртінші Сурдлимпиадада отандастарымызға мол үміт артамыз


Бразилияның Кашиас-ду-сул қаласында жазғы Сурдалимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 3500  спортшы спорттың жиырма бір түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, есту мүшесі зақымданған спортшылар арасындағы олимпиадада Қазақстан атынан 65 спортшы спорттың тоғыз түрінен: үстел теннисі, жүзу, каратэ-до, таэквандо, дзюдо, жеңіл атлетика, грек-рим, еркін күрес және бадментоннан ел намысын қорғайды. 


Салтанатты іс-шарада еліміздің көк байрағын Самсунда (Түркия) өткен XXIII - жазғы Сурдлимпиаданың чемпионы, Әлем Чемпионатының және көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегері, таэквондист – Аян Әбдіраш алып шықты. 




«Осындай ірі халықаралық додада елімнің байрағын алып шығу  маған тапсырылды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Сурдлимпиадаға мен тыңғылықты дайындалдым. Бар күш-жігерімді салып өзіме артылған үмітті ақтаймын, деген ойдамын»,- деді Аян. 



Айта кетейік, Самсун қаласында (Түркия) өткен 23-ші Сурдлимпиадада қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен (еркін күрес, грек-рим, дзюдо, таеквондо, каратэ, жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі) өнер көрсеткен болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 25-ші  орынға ие болып, 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді жеңіп алған. 


Жиырма төртінші Сурдлимпиадада отандастарымызға мол үміт артамыз, дейді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов. 



«Бұл Қазақстан құрамасы қатысып отырған алтыншы жазғы сурдлимпиада. Отандық спортшыларымыз осыған дейінгі жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Бұл сында да лайықты нәтиже көрсетеді деген ойдамыз. Барша қазақстандықтарды ұлттық құрамаға жанкүйер болуға шақырамыз», - деді Бекболат Құстүтінұлы. 



Тағы бір айта кететін жайт, сурдлимпиадалық спорт түрлерін қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін қаржылай сыйақы мөлшері Олимпиада және Паралимпиадамен теңестірілген болатын. Яғни аталмыш жарыстан бірінші орын алған спортшыға 250 000, екінші орын 150 000, үшінші орын- 75 000, төртінші орын — 30 000, бесінші орын — 10 000 және алтыншы орын үшін — 5 000 АҚШ доллары беріледі.


Жазғы сурдлимпиада мамыр айының он бесіне дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Сайыс #Бразилия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Бүгін 15:12

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);