Боранға байланысты төрт өңірде жол қозғалысы уақытша тоқтатылды

  • 16:38, 12 қаңтар 2026
Боранға байланысты төрт өңірде жол қозғалысы уақытша тоқтатылды Сурет: dknews.kz

12 қаңтарда сағат 15:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскесінде барлық көлік түріне қозғалыс шектеуі енгізілді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Шектеу енгізілген негізгі учаскелер:

Павлодар облысы:

  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті (Қарағанды обл. шекарасы – Шідерті);

  • Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара (Қалқаман – Қарағанды обл. шекарасы);

  • Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Ақмола обл. шекарасы – Атамекен);

  • ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Кенжекөл – Абай обл. шекарасы).

Қарағанды облысы:

  • Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті (Молодежный – Павлодар обл. шекарасы);

  • Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара (Павлодар обл. шекарасы – Ботақара).

Ақмола облысы:

  • Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Астана – Павлодар обл. шекарасы).

Абай облысы:

  • ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Павлодар обл. шекарасы – Семей).

Ведомство мәліметінше, жолдарды ашудың шамамен жоспарланған уақыты — 12 қаңтар, 20:00.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:32

16:24

16:13

15:56

15:46

15:33

15:21

15:11

14:51

14:36

14:20

14:10

13:26

12:45

12:26

12:14

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43