конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / «Болашақ» қондырғысында бүлінген құбырдың бір бөлі...

«Болашақ» қондырғысында бүлінген құбырдың бір бөлігі шетелге сараптамаға жіберілді

Саясат 14.08.2022, 10:30 1,612
«Болашақ» қондырғысында бүлінген құбырдың бір бөлігі шетелге сараптамаға жіберілді
Сурет: Egemen.kz

Атырау облысындағы «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында бүлінген құбырдың бір бөлігі шетелге сараптамаға жіберілді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 


Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, «Болашақ» қондырғысында «Қашаған» мұнайын экспорттауға дайындалады. Жақында бұл қондырғыдағы жарық пайда болған және істен шыққан құбырдың бір бөлігі сараптамадан өткізу үшін шетелге жіберілген.



«Бұл қондырғының құрылысы салынғаннан кейін жабдықтар ұзақ уақыт тұрып қалды. Себебі, «Болашақ» қондырғысы іске қосылмай, біраз жыл тұрды. Бұл құбырға байланысты туындаған еді. Аталған қондырғыда 2012 жылдан бері осындай проблема туындады. Бұған агрессивті орта, күкіртсутектің жоғары мөлшері әсер етті. Қазір құбырдың бұзылған бөлігі кесіліп, шетелге сараптамаға жіберілді. Біз енді құбырдағы жарықтың пайда болу себебін анықтайтын қорытындыны күтіп отырмыз», - деп мәлім етті Болат Ақшолақов.



Министрдің айтуынша, «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы кешенді түрде тексеріледі. Бұл – шамамен 24 құбыр.



«Қондырғыдағы құбырдың барлығы тексеріледі. Содан кейін нақты шешім қабылданады. Әзірге зауыт газды алдын-ала айыратын Slug Catcher қондырғысын орнатпай, жұмыс істей алады. Қосалқы бөлшектер мен шығын материалдары бар», - деді Болат Ақшолақов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Болашақ» қондырғысы #«Қашаған» мұнайы #Атырау облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);