AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Б.Жексенбай жаңа салық енгізу ұсынды

Б.Жексенбай жаңа салық енгізу ұсынды

Әлеумет 25.01.2024, 12:40 1,033
Б.Жексенбай жаңа салық енгізу ұсынды
Сурет: ашық дереккөз

Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстанда зиян өнімдердің таралуын шектеуді, сондай-ақ құрамында қант мөлшері жоғары пайдасы жоқ тағамдар мен энергетикалық сусындарға қосымша салық енгізуді қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Сенатор премьер-министр Әлихан Смайыловқа соңғы уақытта қазақстандық нарықта "шығу тегі белгісіз құнарсыз тағам" пайда болғанын мәлімдеп, сауал жолдады. Жексенбайдың айтуынша, әртүрлі елдерден бізге азық-түлік және пайдалылық коэффициенті жоқ тауарлар әкелінеді. Сонымен қатар, зиян өнімдердің көпшілігі көшелер мен жертөлелерде шығарылады.



"Еліміздің заңнамасына сәйкес, әрбір өнімде қазақ және орыс тілдерінде өндіруші, құрамы, пайдалану шарттары туралы ақпарат болуы керек. Алайда, еліміздің дүкендері мен базарларында сатылатын арзан зиян өнімдерге қатысты бұл талаптар сақталмайды", - деді Бибігүл Жексенбай.










Сондай-ақ, ол балалар көретін зиян тағамдар мен сапасыз өнімдер туралы жарнамаларды сынға алды.








"Жасыратыны жоқ, бүгінде адамдар, әсіресе балалар, қант, тұз, май, химиялық қоспалары жоғары тағамдар жарнамасын еріксіз көреді. Әрине, бұл жарнама қолданыстағы заңмен реттеледі, бірақ денсаулыққа зиян өнімдер туралы ақпаратты таратуды шектейтін нормалар жоқ. Елімізде балаларға жарнамаланатын тағамдардың 72 пайызы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған тағамдар. Зиян тағамның жарнамасын тарату – ағзаға қасақана зиян келтірумен бірдей, сондықтан мүмкіндігінше, қажет жерде шектеу, тіпті тыйым салу қажет", - деді сенатор.



Депутат премьер-министрден Қазақстанда зиян өнімдердің саудасына тыйым салуды, сондай-ақ кедендік бақылауды күшейтуді сұрады.



"Сондай-ақ, мұндай өнімдерді стандарттау, сертификаттау жөніндегі қызметті қатаң бақылауға алу қажет; әсіресе балаларға зиян тағамдардың мерзіміне шектеу қою керек; пайдалы емес тағамдарға және құрамында қант мөлшері жоғары түрлі энергетикалық сусындарға қосымша салық салу туралы мәселені қарастыру қажет", - делінген Жексенбай сұрауында.



Сенатор Қазақстанда қандай өнімге шектеу қою керек екенін нақтылаған жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#парламент #Бибігүл Жексенбай #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Кеше 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Кеше 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Кеше 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Кеше 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Кеше 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика