AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Биылғы сабақ мектепте басталады

Биылғы сабақ мектепте басталады

Білім және ғылым 11.08.2021, 18:47 2,284
Биылғы сабақ мектепте басталады
Сурет: Ult.kz

Бүгін дәстүрлі онлайн таныстырылым кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деді.


Сонымен қатар қала басшысы ел арасында айтылып жүрген «қайтадан онлайн оқу болады екен» деген алыпқашпа әңгіменің де нүктесін қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.


Баламызға мектеп киімін алып қойсақ, қайтадан онлайнға ауысып кетпей ме, мектептің қажеттілігі де аз шығын емес қой деген тыңдарман сұрағына қала әкімі былай деп жауап берді:



«Біз балаларды бір жарым жыл онлайн режимде оқыттық, ұдайы бұлай ұстап отыра алмаймыз. Мемлекет басшысы да, Үкімет те тапсырма берді, Білім министрі де биылғы сабақ мектепте өтеді деді.  Демек, біз биылғы оқу жылын оффлайнда бастаймыз. Қаланың тиісті қызметі мектепті дайындауға кірісіп кетті, дезинфекция жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Сондықтан біз әдеттегідей 1 қыркүйекте оқушыларды қарсы алуға дайынбыз».



Мегаполис басшысының айтуынша, барлық мектепте Ashyq жүйесі жұмыс істеп тұрады.



«Ұстаздардың барлығы вакцинаның екі компонентін де салдырды. Мұғалімдерден бөлек мектепте жұмыс істейтін қызметкердің бәрі екпе алуы керек. Бірақ ата-аналар тарапынан да сондай дайындық керек, ата-аналардың барлығы екпе салдырған болуы тиіс. Дені сау ата-ананың баласының да дені сау болатынын ұмытпайық», -деді Бақытжан Әбдірұлы.



Қала әкімінің мәлімдеуінше, белгілі санаттағы оқушыларға әкімдік тарапынан көмек те жасалып жатыр.



«Мектепті дайындаумен қатар, жылдағыдай тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке дайындау шарасын да бастап кеттік. «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетілетін үйдің балаларының әр аудан әкімшілігінде тізімі бар. Ол балалардың мектепке қажетті заттарын алып беру жұмысы жүріп жатыр», - деді Алматының әкімі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #оқу жылы #оффлайн #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика