ffin.kz

Биылдан бастап тәрбие процесінде «оқушы - мектеп - ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізілді

Биылдан бастап тәрбие процесінде «оқушы - мектеп - ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізілді Сурет: Sagyr.mektebi.kz

Ералы Тоғжанов оқу-ағарту саласының басты міндетін атады




 Мектеп пен ата-ананың тәрбие процесіндегі өзара жауапкершілігіне арналған «оқушы - мектеп - ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінде Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды» құру идеясын іске асыру міндеттері білім беру жүйесінің маңыздылығын ерекше арттырады. Соған орай жаңа талаптар жүктеліп отыр. Елімізде 6,7 млн-нан астам бала бар, бұл - Қазақстан халқының 35 пайызы. Біз мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінің тірегі болатын осы жас ұрпақтың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасауға тиіспіз. «Жаңа Қазақстанды» құру - ең алдымен білімге құштар, еңбекке адал, қоғамға жауапты азаматтарды қалыптастыру, осы арқылы қоғамдық құндылықтарды да жаңарту. «Жаңа Қазақстанның» азаматтарын қалыптастыру балабақша, мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Бұл - оқу-ағарту саласының басты міндеті», - деді Е.Тоғжанов педагогтердің республикалық тамыз конференциясы.



Осы орайда ол Мемлекет басшысы білім беру саласындағы үйлестіруді күшейту мақсатында Оқу-ағарту министрлігін құрғанын еске салды.



«Жаңа оқу жылынан бастап министрлік, облыстық білім басқармалары оқу ағарту саласының, ұстаздардың барлық потенциалын алдымызға қойылған міндеттерді іске асыруға жұмылдыруы тиіс. Біріншіден, білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұымдастыру. Тәрбие жұмыстары білім беру процесінің негізі компоненті. Тәрбие ісін қамтымаған білім – оқушының рухани дамуын қамтамасыз етпейді, қажетті адамдық құндылықтарды қалыптастырмайды. Сондықтан оқушыларды тәрбиелеу әрбір білім беру ұйымдары мен мұғалімнің басты жұмысы болуы керек. Бұл іс-шаралар өткізу ғана емес, күнделікті оқу процесінің негізінде жүргізілетін жүйелі жұмыс. Осы жұмыстың өзегі, ең алдымен, біздің салт-дәстүрлеріміз, рухани құндылықтарымыз болуы тиіс. Түптеп келгенде балабақша, мектеп қабырғасындағы берілген тәрбие еліміздің болашағына тікелей әсер етеді», - деді Үкімет басшысының орынбасары.


«Біз бәріміз бұған мүдделіміз, отбасы да, жалпы қоғам да. Осы мақсатта биылдан бастап мектеп пен ата-ананың тәрбие процесіндегі өзара жауапкершілігіне арналған «оқушы - мектеп - ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізілді. Бұл ата-аналар қауымдастығын мектептегі тәрбие ісіне көптеп тартуға бағытталған (ата-аналар консилиумы). Осы жұмыстарды жалғастыру маңызды», - деді Е. Тоғжанов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10