AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Қырғызстан Қазақстанға 534 млн текше метрден...

Биыл Қырғызстан Қазақстанға 534 млн текше метрден астам су жіберді

Әлеумет 29.08.2024, 16:58 2,024
Биыл Қырғызстан Қазақстанға 534 млн текше метрден астам су жіберді
Сурет: Gov.kz

Биыл суару кезеңінде Қырғызстан Қазақстанға Шу және Талас өзендері арқылы 534,3 млн текше метр су жіберді.

Атап айтқанда, Талас өзені арқылы 394,3 млн текше метр су келді, бұл жоспарланған көлемнен 14,3 млн текше метрге артық, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Су дипломатиясы - министрліктің басым бағыттарының бірі. Біз барлық көршілерімізбен белсенді жұмыс жасап жатырмыз. Қырғызстанмен биыл Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының екі отырысы өтті. Суару маусымында біздің тарап Шу өзені арқылы 180 млн және Талас өзенімен 380 млн текше метр су алады деп келістік. Бүгінгі таңда үзіліссіз су келіп жатыр, ал Талас өзені арқылы келісілген кестеден артық су келді»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Шу өзені арқылы бүгінде 140 млн текше метр су алдық және Қазақстан мен Қырғызстанның су ведомстволары бекіткен кестеге сәйкес келіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірден бері Өзбекстан Сырдария өзені арқылы елімізге 4 млрд текше метрден астам су жіберген болатын. Ал Тәжікстан 1 маусымнан бастап Қазақстанға мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы 488,6 млн текше метр су жіберді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 млн-ға, ал биыл жоспарланған көлемнен 45 млн текше метрге артық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#cу #Қазақстан #қырғызстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

eGov Mobile қосымшасында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қолжетімді

Бүгін 15:09

Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады

Бүгін 15:06

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары жалғасып келеді

Бүгін 15:03

Алматыда сүт безі ісіктерінің заманауи диагностикасы бойынша курс өтті

Бүгін 14:46

Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен миссия қорытындылары мен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 14:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);