AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл ақылы жолдардан 26,5 млрд теңге жиналды

Биыл ақылы жолдардан 26,5 млрд теңге жиналды

Әлеумет 28.11.2023, 05:29 1,102
Биыл ақылы жолдардан 26,5 млрд теңге жиналды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның 3200 шақырым жолында ақылы жүйе жұмыс істейді. Отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтып берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Министр жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет болатынын айтты.




«Осы орайда республикалық бюджетке салмақты азайту мақсатында ақылы жолдар көлемін кезең-кезеңімен енгізудеміз. Қазіргі таңда 3 200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген. 11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд 500 млн теңге қаражат түсті», - деді Марат Қарабаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.




Оның айтуынша, келесі жылы қосымша 1 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарланып отыр.




«Жалпы 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдар көлемі 11 мың шақырымға жеткізіледі. Бұл ретте Қазақстандағы ақылы жол тарифтері жақын және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен екенін айта кеткен жөн», - дейді Марат Қарабаев.




Соңғы уақытта транзиттік ағынның өсуіне байланысты, жөнделген жолдарды нормативтік жағдайда сақтау үшін жол ақысын қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.




«Ақылы жүйе бірінші кезекте транзиттік көлік құралдарынан қаражат жинауға бағытталғанын ескеріп, отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген», - деді М.Қарабаев.




Айта кетейік, биыл халықтың шағымын ескере отырып, барлық күш құрылысы ұзаққа созылған 6 негізгі жобаға бағытталды. Бұл – Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Алматы, Мерке-Бурылбайтал, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахан жолдары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #ақы #Сапа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Жолдауы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов METU студенттерімен кездесті

Бүгін 19:24

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағын жаратылыстану пәндерімен ұштастыруға арналған семинар өтті

Бүгін 18:15

Алматыда онкологиялық орталығы бар жаңа көпбейінді медициналық кешен салынады

Бүгін 18:13

Алмасбек Шағырбай: Жаңғыруды жүйелі әрі жауапты түрде жалғастыру маңызды

Бүгін 18:02

Салық саясаты кәсіпкерлікті дамытуға серпін беруі тиіс

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);