Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Алматының 42 жер асты және 49 жер үсті жаяу ж...

Биыл Алматының 42 жер асты және 49 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінде жөндеу жұмыстары аяқталады

Әлеумет 12.10.2023, 08:45 1,201
Биыл Алматының 42 жер асты және 49 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінде жөндеу жұмыстары аяқталады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Алғашқы нысан Наурызбай ауданы №7 қалалық аурухананың алдындағы жер асты өткелі еді. Мұнда жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталып, қазан айының соңына дейін аяқталады. Сәндік плиткалар (керамогранит) қалпына келтіріліп, энергияны үнемдейтін шамдар қойылады, бейнебақылау камералары орнатылып, шатыр мен тактильді плиталарды ауыстыру көзделген.  Аудан әкіміне сапасыз материалдарды пайдаланбауға жол бермеу тапсырылды.


«Алматы қаласы бойынша барлығы 74 жер үсті және 56 жер асты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Биыл жаңғыртылып жатыр. Келесі жылы 5 жер үсті өткелінде құрылыс-монтаж жұмысы жоспарланған. Өткелдер антивандальды шамдармен, тактильді плиталармен және бейнекамералармен жабдықталады», - деді аппарат басшысы Бейбіт Шаханов.



Мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайлы болуы үшін Рысқұлов даңғылы-Доспанов көшелерінің қиылысындағы жер үсті өткеліне жедел саты орнатылады. Бұл екінші нысан еді. Күрделі жөндеу аясында қолданыстағы асфальтбетон жабындарын бөлшектеу, сәндік плиткалар мен су бұру құрылғыларын қалпына келтіру, аралық құрылыстардың металл конструкцияларын, тіректерді, баспалдақ жиектерін сырлау, лифтілер мен көтергіштерді күрделі жөндеу, шатырды ауыстыру, іргелес аумақты абаттандыру жүргізілді. Бүгінде жөндеу жұмыстары аяқталды.



Сонымен қатар, Райымбек даңғылының қиылысындағы Сайын көшесі бойындағы жер үсті өткелінде күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірленіп жатыр. ЖСҚ-да асфальтты автоматты жылыту жүйесі бар плиталарға ауыстыру, шатыр мен лифт жабдығы элементтерін ауыстыру, жарықтандыруды жаңарту және бейнебақылау камераларын орнату көзделеді.



Бұған қоса, ерекше қажеттілігі бар адамдардың жайлы жүріп-тұруы үшін жаяу жүргіншілер өткелдерінде инклюзивті орта құру бойынша жұмыс жалғасып отыр. 74 жер үсті және 56 жер асты жаяу жүргіншілер өткелінде 87 бірлік лифт құрылыстары және 93 бірлік көтергіш платформалар бар, оның ішінде:



  • 51 бірлік лифт құрылысы мен 33 бірлік көтергіш платформа жарамды, штаттық режимде жұмыс істейді;

  • 34 бірлік лифт құрылысы мен 38 бірлік көтеру платформасы бойынша жұмыс биыл жыл соңына дейін аяқталады;

  • қалған 2 бірлік лифт құрылысы жұмыс істемейді, Жетісу ауданының әкімдігі оны 2024 жылға жоспарлаған.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өткел #жөндеу #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика