AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір кадр үшін құрбан болды

Бір кадр үшін құрбан болды

Әлеумет 12.06.2024, 11:50 880
Бір кадр үшін құрбан болды
Видеодан алынды

Мексикада селфи жасамақ болған әйел пойызға соқтығысып, мерт болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

2014 жылдан 2023 жылға дейін тоғыз жыл ішінде 49 елде селфи жасауға тырысқан 399 адам қаза тауыпты. Құрбандардың көбі Үндістанда тіркелген. Мұнда селфи үшін 190 адам қаза тапқан.

2022 жылдың шілдесінде Раджастханның солтүстік-батыс провинциясындағы Тарихи Форт-Амбердің күзет мұнарасына шығып, селфи жасамақ болған он бір адамға найзағай түсіп, мерт болды. Оқиға муссон найзағайы соққан кезде орын алған.

АҚШ екінші орында-29 өлім. Үшінші орында - Ресей. Мұнда 18 адам қаза тапқан.

Қытайлық Хуан Лихунның өлімі әлемдегі ең сорақы өлім болып есептеледі. Ол әлеуметтік желідегі достарын таңқалдырғысы келіп, Индонезиядағы Ильин жанартауының тура ішіне құлап кеткен.

Мұндай оқиғалар елімізде де орын алып жатыр.

Еске сала кетсек, Алматыда құрылыстың төбесіне шыққан жасөспірімдер полицияға жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.

Жалпы, 16 мен 25 жас аралығындағы қыз балалар аптасына селфи жасауға бес сағатты жұмсайды екен. Ал орта есеппен әлемде күніне 93 миллион селфи түсіріледі. Оның қаншасы жазым болатыны белгісіз. Үндістанның ғылыми медициналық институтының зерттеуінше, бес жылдың ішінде әлемде 259 адам селфиден қайтыс болады. Негізінен 30 жасқа толмаған жастар екен. Суретке көп түсетін қыз-келіншектер болғанымен, қаза тапқанның 72 пайызы – ер-азаматтар. Оқыс жағдай көп тіркелген елдер – Ресей, АҚШ және Пәкістан. Бұл зерттеушілердің алты жыл бұрынғы көрсеткіші. Одан бері өлім саны көбеймесе, ештеңе өзгерген жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сельфи #Кадр #сурет #өмір #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика