Бет-әлпетті тұмшалауға заңмен тыйым салынды: 90 күнде не өзгерді?

Бет-әлпетті тұмшалауға заңмен тыйым салынды: 90 күнде не өзгерді? Сурет ЖИ

2025 жылдың шілдесіне таяу, Қазақстанда бет-әлпетті толықтай жабатын киімдерге қатысты заңнамалық шектеу нақты жүзеге асырыла бастады. Бұл норма біраз уақыттан бері талқыланып келгенмен, биылғы 30 маусымнан бастап ресми түрде күшіне енді. Енді қоғамдық орындарда никаб, паранжа, балаклава, маска сияқты бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге болмайды. Үш ай асқан заң нормасы қалай жүзеге асып жатқанын білу үшін Aqshamnews.kz тілшісі жауапты органдарда ресми сауал жолдаған еді. 

Неліктен мұндай тыйым қажет болды?

Ресми түсіндірме бойынша, бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни:

  • Бейнебақылау камералары мен бет-әлпетті тану жүйелерінің жұмысын жеңілдету;
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу;
  • Терроризм мен экстремизм қаупін азайту;
  • Жедел іздестіру жұмыстарын жеңілдету.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда соңғы 5 жылда 105 қылмыс бет-жүзді жабатын маска және басқа да құралдар қолдану арқылы жасалған. Олардың арасында тонау, қарақшылық, алаяқтық, ұрлық, ауыр жарақат салу, тіпті бір кісі өлтіру оқиғасы бар. Мұндай қылмыстардың кейбірі әлі күнге ашылмаған.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл норма алғаш талқыланған кезде:

"Бұған қатысты жеке заң жоқ. Бірақ Ішкі істер министрлігі тарапынан қаралып жатқан норма бар. Ол никабқа тыйым салуды көздейді", – деп мәлімдеген еді.

Көп ұзамай бұл норма "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заңның 21-бабына енгізілді.

 

Заң қалай жұмыс істейді?

Жаңа талап бойынша:

434-3-бап -  Қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім заттарын кию туралы заңнама талаптарын бұзу

 Егер адам медициналық, қызметтік, спорттық немесе ауа райына байланысты жағдай болмаса, қоғамдық орында бетін тұмшалап жүрсе :

  • 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ескерту беріледі.
  • Егер бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса - 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2025 жылы - шамамен 3680 теңге.

 

Dostyk Plaza жағдайы: қоғам не ойлады, әкімшілік не дейді?

Жаңа талаптың қоғамда талқылануына себеп болған жайттардың бірі — Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығындағы ескерту белгілері. Кейбіреулер бұл шектеуді орамал таққандарға қарсы деп қате түсінген сияқты.

Алайда сауда орталығының басқарушы компаниясы мәселені былай түсіндірді:

"Бұл талап – әкімшіліктің бастамасы емес, заң талабына сәйкес енгізілді. Тек бет-әлпетті толықтай жабатын киімдерге қатысты. Бетті тануға кедергі келтірмейтін діни киімдер бұл шектеуге жатпайды. Біз барлық қонақтарымыздың мәдени және діни дәстүрлеріне құрметпен қараймыз".

 

Алматы Полиция департаменті не дейді?

Редакция Ішкі істер министрлігі мен Алматы Полиция департаментіне сауал жолдаған болатын. Ресми жауапта:

"Аталған заң талаптары – жазалаушылық емес, алдын алу шарасы ретінде қарастырылған. Олар нақты бір діни сенімге қарсы емес, барлық азаматтарға бірдей қолданылады", - деп көрсетілген.

Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске толық түзету әлі енгізілмеген. Сондықтан полиция тарапынан әзірге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

2025 жылдың шілде айынан бастап, Алматыда :

  • 60-қа жуық профилактикалық кездесу өтіп, тұрғындарға жаңа талаптар түсіндірілді.
  • Қыркүйек-қараша айларында "Учаске" атты жедел-профилактикалық шара қолға алынған.

Мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен сенімді байланыс орнату.

 

Не тыйым салынады, неге рұқсат?

Тыйым салынған киімдер қатарына никаб, паранжа, маска және бетті жауып тұратын өзге де элементтер жатады.

Рұқсат етілетін діни киімдер: хиджаб, химар, шейла. Бұл киімдерде бет ашық болады және тануға кедергі келтірмейді.

Заңнамада көрсетілген бұл талап - дінге қарсы бағытталған шара емес, керісінше, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданған шешім. Жаңа талаптар енгізілгелі қоғамда біршама түсініспеушіліктер туындағанымен, ресми органдар бұл мәселені диалог пен түсіндіру арқылы шешуге тырысып отыр.

Болашақта Әкімшілік кодекске нақты бап енгізіліп, құқық қолдану тетіктері де нақтылана түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:11

15:39

15:03

14:58

14:40

14:38

14:30

14:15

14:05

12:45

12:33

12:22

12:00

11:47

11:38

11:24

11:09

10:47

10:37

10:37

10:27

10:13

09:57

09:44

09:41