Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бес жыл ішінде өз баспанамызға қаражат жинауға мү...

Бес жыл ішінде өз баспанамызға қаражат жинауға мүмкіндік алдық

Әлеумет 02.03.2025, 07:19 811
Бес жыл ішінде өз баспанамызға  қаражат жинауға мүмкіндік алдық
Тұңғышбай Аманханның жеке архивінен

Алматы – мүмкіндіктер қаласы. Мұнда сапалы білім алуға, жақсы жұмыс табуға, кәсіп бастауға және өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Дегенмен, қалада баспана мәселесі әрқашан өзекті. Әсіресе жастар үшін Алматыдан үй алу – үлкен жетістік.

Қалада жас мамандар мен жаңадан отбасын құрған жандар үшін баспаналы болуға түрлі бағдарламалар қарастырылған. Осындай мүмкіндікті пайдаланған жастардың бірі – Алматы электромеханикалық колледжінің оқытушысы Тұңғышбай АМАНХАН.

Ол 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы пәтерге ие болған. Алғашында Алатау ауданы, «Ақкент» ықшамауданындағы екі бөлмелі пәтерде тұрған жас отбасы бес жыл ішінде өз баспанасына қаражат жинауға мүмкіндік алған.

 – Ол кезде жаңа ғана үйленген жас жұбайлар едік. Бағдарламаның арқасында ай сайын небәрі 11-12 мың теңге ғана төлеп тұрдық. Егер қарапайым жалдамалы пәтерде тұратын болсақ, 150-180 мың теңге төлеуімізге тура келер еді. Үнемделген қаражатты Отбасы банкіндегі депозитке жинадық. Нәтижесінде «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы 18 миллион теңгеге жеке үй алдық. Қазір үш баланың ата-анасымыз, – дейді Тұңғышбай Аманхан.

Жас маман мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өз арманына қол жеткізгенін атап өтті.

– Бұл бағдарлама бізге үлкен көмек берді. Егер жалдамалы пәтерге көп ақша жұмсасақ, үй алуға мүмкіндік болмас еді. Шын ниеттенген адам мақсатына жетеді екен. Армандар орындалады! – дейді ол.

Тұңғышбай Аманханның еңбекқорлығы – көптеген жас отбасыларға үлгі. Бастысы – мақсат қойып, берілген мүмкіндіктерді пайдалана білу. Бүгінде Алматыда жастарға арналған «Алматы жастары», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» сынды баспана бағдарламалары жұмыс істейді. Бұл бағдарламалар арқылы баспаналы болуға әрбір жастың мүмкіндігі бар.

Алматыдан үй алу – көптеген жандардың арманы. Бастысы – мақсат қойып, жүйелі түрде әрекет ету. Мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білген әрбір жас өз баспанасына қол жеткізе алады. Егер сіз де Алматыдан үй алуды армандасаңыз, тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпарат алып, дұрыс жоспар құруды бүгіннен бастаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #жинақтау #үй алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика