AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Берік отбасы мен мықты қоғам жауапты әке болудан б...

Берік отбасы мен мықты қоғам жауапты әке болудан басталады - сарапшылар пікірі

Әлеумет Бүгін 12:01 28 yakiya
Берік отбасы мен мықты қоғам жауапты әке болудан басталады - сарапшылар пікірі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Отбасы жауапкершіліктен басталады: қазіргі әкелердің көзқарасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Қазақстан Әкелері» республикалық қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы, «Жыл әкесі - 2020» республикалық байқауының жеңімпазы Елям Абрахманов қазіргі қоғамда отбасының бала тұлғасын қалыптастырудағы рөліне және әкенің тәрбиедегі маңызына тоқталды.

«Қазақстан Әкелері» бірлестігі 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының қолдауымен құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты - әке институтын дамыту және әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайту.

Спикер бүгінгі әке тек отбасының асыраушысы ғана емес, сонымен қатар, бала тәрбиесіне белсенді араласатын тәлімгер әрі үлгі болуы қажет екенін атап өтті. Халықаралық зерттеулер әкесі баланың өміріне белсенді қатысқан жағдайда оның оқу үлгерімі жоғарылап, қарым-қатынас дағдылары дамып, қоғамға бейімделуі жеңіл болатынын көрсетеді.

«Цифрландыру мен әлеуметтік желілердің ықпалы күшейген қазіргі заманда бала мен ата-ана арасындағы тікелей қарым-қатынас, бірге уақыт өткізу және әкенің бала тәрбиесіне белсенді қатысуы ерекше маңызға ие. Балаға дұрыс өмірлік бағдар беріп, жауапкершілік пен қоршаған ортаға құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етуде әкенің ролі зор», – деді Елям Абрахманов.

Өз кезегінде көпбалалы әке, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет берік отбасының негізі ата-ананың жауапкершілігі мен олардың балаға көрсететін жеке үлгісінен басталатынын айтты.

Ол қазақ халқының отбасылық тәрбиеге ежелден ерекше мән бергенін айтып, балаларға қолайлы жағдай жасаумен қатар, оларға дұрыс үлгі көрсету маңызды екенін жеткізді. Себебі баланың дүниетанымы мен мінез-құлқының қалыптасуына ата-ананың іс-әрекеті тікелей әсер етеді.

Спикер қазіргі қоғамда интернет пен әлеуметтік желілердің ықпалы артқанын, осындай жағдайда әкенің тәлімгерлік рөлінің бұрынғыдан да маңызды бола түскенін айтты. Оның пікірінше, әке баламен сенімді қарым-қатынас орнатып, оның қызығушылықтарын қолдап, дұрыс шешім қабылдауына бағыт-бағдар беруге тиіс.

Сондай-ақ, Бақыт Қалымбет жас ұрпақты жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеуге, Отанды сүюге және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Оның сөзінше, ата-ананың баласына қалдыратын ең құнды мұрасы - материалдық игіліктер емес, адамгершілік қасиеттер мен отбасы құндылықтары.

Баспасөз конференциясына қатысушылар отбасы институтын нығайту және жауапты әке мәдениетін дамыту - саналы әрі табысты ұрпақ тәрбиелеудің басты шарттарының бірі екенін атап өтті. Олар отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекет, қоғамдық ұйымдар және ата-аналардың ортақ міндеті болуы қажет деген пікір білдірді.

«Жауапты әке – берік отбасының тірегі, ал берік отбасы – қуатты әрі өркендеген мемлекеттің негізі», – деп түйіндеді спикерлер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Жаңа Конституция күшіне енеді

Бүгін 12:10

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына 18 мыңнан астам зейнеткер қатысады

Бүгін 11:23

Чемпиондарға ақшалай сыйақы төлеу тәртібі нақтыланды

Бүгін 11:09

Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады

Бүгін 10:22

«Қайраттың Дастаны, қазақтың баласы»: Дастанға арнау

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);