Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бейжің-2022. Қазақстан құрамасы олимпиада қалашығы...

Бейжің-2022. Қазақстан құрамасы олимпиада қалашығына орналасты

Спорт 29.01.2022, 05:09 1,911
Бейжің-2022. Қазақстан құрамасы олимпиада қалашығына орналасты
Cурет: Olympic.kz

Мұз айдынындағы барлық жарыс Бейжіңде өтеді


Қазақстандық командалар Қытайға жетіп, Олимпиадалық қалашықтарға сәтті орналасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.


Қысқы Олимпиада ойындары үш кластерде, атап айтқанда, Бейжің, Чжанцзякоу және Яньцинь аймақтарында өтеді.


Мұз айдынындағы барлық жарыс Бейжіңде өтеді. Қытай астанасындағы Олимпиадалық қалашықта конькимен жүгіру және шорт-тректен Қазақстан құрамалары орналасты. Олимпиадалық картадағы ең алыс аймақ – көрші Хэбэй провинциясында орналасқан таулы Чжанцзякоу болды. Онда фристайл-могул, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы жарысы және шаңғы қоссайысы бойынша құрама командалар жайғасты. Ал Янциньде тау шаңғысының спортшылары орналасты.



«Бейжіңге келіп, міндетті ПТР сынақтарынан өткеннен кейін бірден Олимпиадалық қалашықтарына бардық. Бейжің мен Чжанцзякоу арасындағы жол 3 сағатқа созылады. Біздің фристайл-могул, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қосайысы құрама командалар осында болды. Басқа командаларды күтеміз. Бәрі ойдағыдай. Мұнда күн ашық болғанымен, суықтау. Ал спортшылардың көңіл күйі бірқалыпты, жақсы.
Біздің қалашыққа орналасуымыз Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың Олимпиадалық қалашыққа сапарымен тұспа-тұс келді. Ол спортшылармен тілдесіп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. Олимпиада ойындары – кез келген спортшының өміріндегі өте маңызды оқиға. Бұл кездесу біздің спортшыларды бұрынғыдан да қанаттандырып, шабыттандырды деп ойлаймын», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Асқар Валиев.



Кездесу барысында олимпиадалық дәстүр де сақталып, ХОК басшысы спортшылармен естелік төсбелгілерімен алмасты.



«Олимпиадалық қалашыққа келгендегі сезімім ерекше, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда барлығы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Командамыз да өз кезегінде бұл стартқа тас түйін дайын. Жан-жақты, психологиялық және физикалық тұрғыдан дайындалды. Алғашқы күні-ақ ХОК басшысы Томас Бахпен кездестік. Ол маған бір-екі символдық сұрақ қойып, көңіл-күйімді, қобалжу бар-жоғын сұрады. Сондай-ақ, әрине, сәттілік тіледі», - деп бөлісті фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының мүшесі Анастасия Городко.



Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары арасында жарысқа бірінші болып могулшылар шығады. Могул бойынша іріктеу жарыстары Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына дейін, 3 ақпанда өтеді.


XXIV қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді. Оған Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.


Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бейжің-2022 #олимпиада #қалашық #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы референдум учаскелері жоғары бағаланды

Бүгін 20:43

Алматыда "Халық үні" тәуелсіз бақылаушылар тобы референдум қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді

Бүгін 20:16

Ақтөбе облысында жасөспірімге қатысты зорлық дерегі бойынша 25 жастағы күдікті қолға түсті

Бүгін 17:46

Тағы 167 қазақстандық аман-есен Алматыға оралды

Бүгін 17:19

Алматылық спортшы қыздар U20 және U17 жас санаттары бойынша әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетті

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі