AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бата

Бата

Өмір-өзен 08.10.2021, 04:25 2,690 Мамай Ахетов
Бата
Сурет ашық дерек көздерінен алынды

Сөз – рухани күш. Күш болғанда да, шартты абстракциялы күш емес, тікелей әсері бар энергетикалық қуат.



Мәшһүр Жүсіп сөзінің құдіретімен, аузынан шыққан жалғыз ауыз лебізінің әсерлі күшімен ел жадында қалған бір ерекше жан туралы былайша баяндайды: «Құдай рахмет қылсын! Жанақ деген кісі жаралуы басқа жан болыпты. «Қаһарлы Жанақ» атаныпты, «Доғал оқ» атаныпты, «Ақ шолақ» атаныпты. Заманында атын ешкім атай алмапты. «Жәке! Жәке!» деумен кетіпті. «Аттым!» деген сөз аузынан шықса, мал болсын, жан болсын мұрттай ұша-тұғын болыпты».


Сөздің құдіреті арқылы тыңдаушыны сендіру, иландыру, тіпті ұйытып тастау секілді қасиеттерді тіл білімінде суггестиялық лингвистика (суггестия – қатты сендіру) қарастырады (Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. – Алматы. 2010. 119б. 146б.).

«Құнанбайды шешесі қолымен жетелеп, бір тоқтысын сойып, Би атамнан бата алуға барады. Бермейді. Келесі жылы да барады. Бермейді. Үшінші жылы тағы келеді. Бермейді. «Үш келдім, батасын бермеді!» – деп Зере жылайды. Сонда Көкі бәйбіше биге: «Үш келді, басыңды көтер, батаңды бер!» – дейді. Би басын көтеріп, Көкіге: «Сыртқа шығып, жан-жақты қара, ешкім көріне ме екен?» – дейді. Көкі шығып кеп: «Ешкім көрінбейді» – дейді. Сонда би: «Пай-пай, болмас... – депті де, «Тоғыз ата толғанша, түңлігіңді ешкім ашпасын!» – деп қолын теріс жайып, теріс батасын беріпті. Келіні: «Атам теріс батасын берді!», – деп, жылап қайтады. Көкі: «Келінің жылап кетті, теріс бата бергенің не!?» – дейді. Сонда қасиеті күшті Би атам: «Үш жылдан бері батамды алар деп тосқаным балаларым еді. Олардың бірі де келмеді. Ал келінім мен немереме оң бата берсем, онда менің артымда ұрпақ қалмайды. Өзің шығып қарашы, әлгілердің артында не кетіп барады екен!?» – депті.

– Артында қасқыр ма, ит пе, екі көк бірдеңе кетіп барады! – депті Көкі сыртқа шығып кеп.

– Менің төрт көк бөрім бар еді, екеуі сол! – деп жауабын тұйықтапты сонда Би ата.

Теріс бата естіп қайтқан Зере келгенде, Өскенбай: «Батасын берді ме!?» – деп алдынан шығыпты

– Теріс батасын берді! – депті Зере ренжіп.

– Қалай!?

– «Тоғыз ата толғанша, түңлігіңді ешкім ашпасын!» деп, қолын теріс жайды, – дейді. Сонда Өскенбай қуанып: «Жарап жатыр!» деп, ат шаптырып, той жасапты.


Би атам дүние салған соң «Қарызы бар» деп, малын шығындап Құнанбай мырза зират салдырыпты». (Макин Қ. Ой–таразы. – Алматы. 2012. 210-211 б. 318 б.)


Бата беру үрдісі – жай жоралғы емес, адамды оптимизмге жетелейтін, жолын ашатын, сенімін нықтайтын мағыналы, рухани астары бар тылсымды құбылыс.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#сөз #Энергия #тылсым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);