Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған...

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Мұны білген жөн Бүгін 17:54 31
"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты
әншінің инста парақшасынан

Күні кеше жетінші рет әке атанған әнші Төреғали Төреәлі жаңа туған қызына қандай есім бергенін жария етті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында кенжесіне арнап жазба жариялады. Оның сөзінше, жары Толқын төртінші рет кесарь тілігі арқылы босанғандықтан, әнші қатты алаңдаған.

“Аллаға шүкір, бүгін жетінші перзентім дүниеге келді. Бұл – жай ғана жаңалық емес. Бұл – өмірдің жаңа тынысы. Жауапкершіліктің жаңа деңгейі. Толқында бұл жолы төртінші рет кесарь тілігі болды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым”, – деп жазды ол.

Әнші ота барысын сырттай бақылап тұрудың оңай болмағанын айтты. Алайда сәбиді қолына алған сәтте барлық қорқынышы сейілген.

“Қызымды өз қолыммен қарсы алдым. Ота үстінде қарап тұру – оңай емес. Бірақ сол бір сәт… ол қорқыныштан да, ауырлықтан да биік тұрды. Бұл – өмірдің қалай басталатынын көру. Бұл – Алланың құдіретін көзбен сезіну”, – деп жазды ол.

Төреғали Төреәлі қызына Мәриям деген есім берген. Оның айтуынша, бұл атты нағашы атасы мен әжесі ұсынған. Ал продюсер Жан Мұқанов пен оның жары кіндік әке-шешсі болған.

“Бұл есім – жүрекпен қабылданған шешім. Нағашы атасы мен нағашы әжесі екеуі ырымдап, осы атты ұсынды. Ал кіндік әкесі мен кіндік шешесі – менің продюсерім Жан Муқанов пен Асыл жеңгем болатын болды. Бұл да – сенім. Бұл да – жақындық”, – деп жазды ол.

Қазір әншінің жарының да, қызының да жағдайы жақсы.

“Мәриям, сенің келуің – мен үшін тағы бір белес. Мен енді тек әке емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын. Жолың жарық болсын. Өмірің нұрлы болсын. Әкең әрдайым жаныңда. 19:00 / 07.04.2026”, – деп жазды әнші.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика