Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қала...

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Алматы 08.04.2026, 18:15 137
Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі ұйымдастырылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен қалалық студенттік көктем — «Jas Gala» фестивалі өтеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты — университеттік дәстүрлерді нығайту, студенттерді шығармашылық арқылы біріктіру және дарынды жастарды қолдау. Сондай-ақ жоба аясында шығармашыл, талантты жастарды анықтап, олардың кәсіби дамуына жол ашу, адамгершілік құндылықтарды, эстетикалық және интеллектуалдық талғамды дамыту көзделген.

Байқау бес бағыт бойынша өтеді. Олар: вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау және театр.

Фестивальге Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Іс-шара аясында қатысушылар үшін шеберлік сабақтары мен мотивациялық кездесулер де ұйымдастырылады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, концерттік бағдарлама ұсынылады.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры - 7 500 000 теңге.

Ал әр бағыт бойынша өнер майталмандары, мәдениет саласының өкілдері, өнер жұлдыздары мен қоғам қайраткерлері қазылық етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мамыр айының басынан бастап субұрқақтарды кезең-кезеңімен қосылады

Бүгін 14:16

Алматыда жүзге келген ардагерді құттықтап қайтты

Бүгін 14:13

Құтыруға қарсы вакцина – өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі

Бүгін 14:05

Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін 12:21

Мегаполистерде валюта бағамы қандай?

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика