Баспана алуға зейнетақы жинағын пайдалану ережесі өзгерді

Баспана алуға зейнетақы жинағын пайдалану ережесі өзгерді интернет

Депозитте жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды. Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және (немесе) жақын туыстарына беру көзделген, - делінген хабарламада.

Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21