конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Баспа басылымдар кейбір салықтан босатылуы мүмкін

Баспа басылымдар кейбір салықтан босатылуы мүмкін

Әлеумет 08.11.2021, 05:30 1,280
Баспа басылымдар кейбір салықтан босатылуы мүмкін
tolqyn.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев баспа басылымдарды мемлекет тарапынан қолдау шараларына қандай өзгерістер әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап..



«Баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау да маңызды бағыт болып қала береді. Олардың дамуын заңнамалық деңгейде бекіту қажет. Қалаларда ересек тұрғындардың көпшілігінде газеттер мен журналдарға жазылу және оқу мәдениеті сақталып отыр. Сондай-ақ шалғай ауылдарда баспа басылымдары арқылы ақпарат алу қажеттілігі әлі де бар. Сондықтан министрлік бұл бағытты басымдықтардың бірі ретінде қалдырады. Осы бағытта баспа басылымдарын салықтың кейбір түрлерінен босату мүмкіндіктерін және баспа қызметтерін субсидиялау нұсқаларын зерделейміз», -деді Кемелбек Ойшыбаев.



Минисрлік өкілі баспа басылымдарды қолдаубасқа елдердің қалай жүріп жатқанын мұқият зерттелетінін ескертті.



«Сондай-ақ, отандық мерзімді баспасөз басылымдары мен желілік басылымдарды қолдау мақсатында хабарлама жасау тәртібімен есепке қоюды және қайта есепке алуды көздеу ұсынылады. Заңнамалық деңгейде БҰҰ ұсынымдарына сәйкес таралымы 200 данадан кем мерзімді басылымдарды есепке қоюдан босатуды ұсынамыз. Қазір бұл норма 100 дана деңгейінде бекітілген. Сонымен қатар, бір мекемеде таратылатын және тек осы мекеменің қызметін жариялауға бағытталған мерзімді басылымдарды (мысалы, ЖОО, зауыт хабаршылары және т.б.) есепке қоюдан босату ұсынылады», - деді Кемелбек Ойшыбаев.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #баспа #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір ай ішінде экологиялық талаптарды бұзған 200-ге жуық көлік анықталды

Бүгін 11:08

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Бүгін 10:57

Алматыда «Конституция – балалар көзімен» аудандық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 10:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);