AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев ана өлімін азайту бойынша іс-ша...

Бақытжан Сағынтаев ана өлімін азайту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды тапсырды

Әлеумет 18.10.2021, 11:52 1,150
Бақытжан Сағынтаев ана өлімін азайту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды тапсырды
freep.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте мегаполисті дамытудың, оның ішінде денсаулық сақтау және ана өлімін болдырмау саласындағы өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, ана өлімінің негізгі себептерінің арасында COVID-19 және экстрагенитальды аурулардың болғанын, COVID-19 симптомдары байқалса да, медицина қызметкерлеріне кеш жүгінгендерін көрсетеді.



Ана өлімін төмендету үшін отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдануда, бала көтеруге қабілетті жастағы әйелдерді динамикалық бақылау енгізілуде. Сонымен қатар, әйелдер консультацияларында жүкті әйелдерге медициналық көмектің сапасын арттыру міндеті қойылған. Қашықтан бақылау арқылы МСАК деңгейінде тәуекел тобындағы жүкті әйелдерге мониторинг жүргізілетін болады.



Осыған орай қала аудандары бойынша үйлестірушілер, қаланың бас акушер-гинекологы анықталды, әйелдер консультацияларының, отбасын жоспарлау кабинеттерінің жұмысына мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ, жүкті әйелдерді бағыттау алгоритмдері және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер жасалды. Бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі күшейтілді. Көпбейінді стационарларды босандыру ұйымдарымен кластер форматында біріктіру жоспарлануда.


Перзентханаларда кадрлар тапшылығын жою және олардың біліктілігін арттыру мақсатында резидентурада 2021-2023 оқу жылдары 6 акушер-гинеколог даярлықтан өтеді. Ал, 2022-2024 жылдары – 4 маман.



Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ана өлімін азайту мақсатында іс-шаралар жоспарын іске асыруға бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімі босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту міндетін алға қойды. Ол үшін ағымдағы және келесі жылдары қажетті жабдықтар сатып алынады, ал 2023-2024 жылдары перзентханаларды заманауи сору-сыртқа тарату желдеткішін орната отырып, кезең-кезеңімен реконструкциялау қарастырылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Анаменбала #денсаулық #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика